Биология | Үсіген кездегі алғашқы көмек

 Биология | Үсіген кездегі алғашқы көмек

температураның әсер етуінің нәтижесінде ұлпаның зақымдануы үсік деп аталады. Үсудің себептері тиісті жағдайларға (суықтың, желдің ұзақ уақыт бойы әсер етуі, жоғары ылғалдылық, аяқты қысатын немесе дымқыл аяқ киім, қозғалмайтын қалыпта болу, зардап шегушінің жалпы нашар халы – ауруы, әлсіреуі, алкоголмен мас болу, қансырау) байланысты әртүрлі болады. 3-7°С температурасы кезінде үсік болуы мүмкін. Үсуге саусақтар, қолдың буындары, табан, құлақ, мұрын тез шалдығады.

Алғашқы көмек зардап шегушіні, әсіресе дененің үскен жерлерін дереу жылытумен байланысты, бұл үшін зардап шегуші мүмкіндігінше жылы жерге жеткізіледі. Алдымен, дененің үскен жерін жылытып, ондағы қан айналымы қалпына келтіріледі. Егер үскен аяқ-қолды 20°С температурадағы жылы ваннаға салса, бұл ең тиімді және қауіпсіз болады. 20-30 минут ішінде су температурасын біртіндеп 40°С көтереді

Ваннадан (жылытқаннан) кейін зақымдалған учаскелерді кептіріп (сүртіп), стерилденген таңғышпен жабады және жылы орайды. Оларға май мен маз жағуға рұқсат етілмейді, себебі бұл оны кейін өңдеуді айтарлықтай қиындатады. Дененің үсіген жерлерін қармен сүртуге рұқсат етілмейді, себебі мұндай жағдайда дененің үсу артады, ал мұздақтар тері зақымдандырады, бұл үскен жерді инфицирлануына (қағынуына) септігін тигізеді; үскен жерлерді сондай-ақ қолғаппен, матамен, бет орамалмен уқалауға рұқсат етіледі. Қолдың не аяқтың ұшынан денеге қарай таза қолмен массаж жасауға болады.

Дененің бөлек учаскелері (мұрын, құлақ) үскен кезде алғашқы көмек көрсетушіге қолының ыстығымен жылытуына болады.

Алғашқы көмек көрсету кезінде зардап шегушіні жалпы жылыту шаралары аса маңызды болып табылады. Оған ыстық кофе, шай, сүт береді. Зардап шегушіні дер кезінде емдік мекемеге жеткізу, сондай-ақ алғашқы көмек көрсету болып табылады. Егер санитарлық көлік жеткенге дейін алғашқы көмек көрсетілмесе, зардап шегушіні тасымалдау кезінде машинада көрсету қажет. Тасымалдау кезінде оның қайта үсуін болдырмау үшін барлық шаралар қолданылады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!