Биология | Жыныс жүйесі

 Биология |  Жыныс жүйесі

Жыныс жүйесі.Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі.
Жыныстық дифференцировкасының факторлары.



Жоспары:

1.Аталық жыныс жүйесі
2.Аталық жыныс жүйесінің қосымша бездері
3.Аналық жыныс жүйесі
4.Генеративті қызмет.Овуляция.Сары дене.



Жыныс жүйелері ағзада репродуктивті қызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы.Жүйенің құрамына жыныс жасушаларын түзетін, гормондар бөлетін жыныс бездері немесе гонадалар мен қосымша мүшелер жатады.Аталық жыныс жүйесіне: ен, тұқым немесе ұрық жүретін жолдар, көпіршікті бездер, қуық түбі безі т.б. жатса ал, аналық жыныс жүйесіне – аналық жыныс безі мен қосымша мүшелері: жатыр, түтігі мен қынап жатады. Әйел адамдарда сүт безі жыныс жүйесімен тығыз байланысты. Аталық жыныс жасушаларының дамуы сперматогенез, төрт сатыдан тұрады, ал аналық бездерінде аналық жасушаларының дамуы овогенез үш сатыдан тұрады.
Дамуы. Жыныс жүйелердің дамуы зәр шығару жуйесінің дамуымен тығыз байланысты. Алғашқы пайда болған жыныстық жасушалар гонобласттар ұрықты 3-аптасында сарыуыз қапшығының қабырғасында білінеді де, ізінше ішектің соңғы бөлігінің қабырғасындағы қан тамырлары арқылы қанмен жыныс бездерінің бастау алатын жеріне келіп қоныстанады.Аналық жыныс безінің бастамасында алғашқыда фолликулярлы жасушалары,ол аталық безде тіректік жасушалары немесе сустентоциттер дамиды.Жыныс бездеріндегі тіректік жасушалары жыныстық жыныстық жасушалардың пісіп жетілуіне демеуші болып табылады.Ал,эндокринді немесе интерстициальді жасушалары
гормональды қызмет атқарады.Бұлар мезенхимадан дамыған белсенді
түрде бөлінетін эндокриноциттер болып табылады. Индифферентті
жыныс жасушаларының адам ұрығындағы жіктелуі эмбриогенездің
6-аптасынан басталады.
Аталық жыныс жүйесі. Ен немесе аталық жыныс безі – аталық
жыныс жасушасы мен аталық безінің гормоны тестостеронды түзуге
қатысады.
Дамуы.Біріншілік бүйректің үстіңгі бетінен алғашқыда еннің дәнекер тінді қабығы ақ қабық пайда болып, одан алдымен жәпше түрінде, ұрық түтікшелері дамиды.Ұрық түтікшелері біртіндеп еннің торын түзеді.Пайда болған ұрық түтікшелердің ішінде біразы гонациттер түрінде көбейеді де, ал қалғаны эпителиальді тіректік жасушалар түрінде сақталады.Бездің онтогенезінде генеративті қызметінен эндокринді 8-10 аптасында тестостеронның синтезі білінеді, ал белокты андрогендер одан да бұрынырақ синтезделіне бастайды.
Ұрық шығатын жолдары аталық безінің ұрық түтікшелері мен оның қосалқысын құрайды.Бұлар арқылы сперма (сперматозоидтар мен
сұйықтық несепағар түтікшесіне жылжиды.
Ұрық жолдары аталық бездің тік түтікшелерінен басталып, одан бездің торына, тордан шығатын 12-15 иректелген ұрықты алып шығатын
түтікшелерінен, ұзап барып ен қосалқысымен жалғасады.
Еннің(бездің) қосалқысы бірнеше рет иректеліп келіп, одан соң қуық
асты безіне өтіп,осы жерде несеп шығару түтікшесіне байланысатын
ұрық шығаратын тік түтікшеге ұласады.
Еннің ұрықты алып шығатын жолдарының құрылысына тән қабықта
ры бар.Бұлар:кілегейлі,бұлшық етті және адвентициальді болып бөлінеді
Ұрық жолдарының кілегейлі қабығының эпителиі барлық бөліктерінде
безді-секреторлы (әсіресе,бұл ен қосалқысының ұшында айқын білінеді).
Еннің тік түтікшелерінің эпителиі призма тәрізді.Еннің торында бұл
эпителий куб немесе жалпақ болып келеді. Бездің ұрық шығару
түтікшелерінің эпителиінің құрамындағы жасушалары екі түрлі:
кірпікшелі және безді жасушалар түрлері,түтікше қабырғасында кезектесіп орналасады.
Ен қосалқысының қабырғасындағы эпителиі екі қатарлы. Оның құрамында биік призма тәрізді және базальді мембранаға жақын орналасқан қыстырма жасушалары бар. Еннің қосалқысы сперма
жиылатын резервуар (қапшық) болып та саналады.Сонымен қатар,
эпителий сперманы сұйылтатын сұйықтықты бөледі,бұл бөлінген сұйықтық сперматозоидтарды жауып тұратын гликокаликс қабатын түзуге қатысады.
Ен қосалқысының етті қабығы жиырылып сперматозоидтардың ұрық
жолымен оңай жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл қабық тегіс салалы
миоциттер жігінен тұрады.Ұрық жолдарының сыртқы қабығы дәнекер тінді адвентициальді қабық болып саналады.
Аталық жыныс жүйесінің қосымша бездері. Бұлар:ұрық көпіршік-
тері, қуық түбі безі,бульбоуретральді бездер жатады.
Ұрық көпіршіктері.Ұрық шығатын түтікшенің қабырғасының
дистальді (жоғарғы) бөлігінің қалыңдап өсуінен пайда болады.
Бұл жұп секреторлы безді мүше.Негізгі қызметі сперманы сұйылтатын әлсіз,сілтілі реакциясы бар,секретінің құрамы фруктозаға бай, шырышты секрет бөлетін без болып табылады.Қабырғасы үш қабаттан тұрады.Олар:кілегейлі,бұлшық етті және сыртқы адвентициальді қабықтар.Кілегейлі қабықта шырышты экзокриноциттерден тұратын альвеоларлы бездердің терминальді бөлігі орналасады.Бұлшық етті қабығы жақсы дамыған, екі қабаттан тұратын миоциттер тобы.Адвентициальді қабық құрамында эластинді талшықтары бар,тығыз дәнекер тінді құрылым.
Бульбоуретральді бездері- құрылысы жағынан альвеоларлы-
түтікшелі.Секреторлы өзегі зәр шығаратын түтігінің жоғарғы бөлігіне
ашылады.Секрет шығаратын өзегін тыстайтын эпителиі куб немесе
призма тәрізді.Эпителий жасушаларының цитоплазмасында шырышты
көпіршіктер мен жасуша қосындылары да аршылық.Без бөліктерінің
арасында борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінді перделері
мен миоциттер жігі де көрінеді.
Қуық асты безі немесе простата құрамында көптеген бездің өзек-
терінен тұратын несеп ағар каналының жоғарғы бөлігін қамтитын бұл-
шық етті – безді мүше.Без эмбриогенездің 11-12 аптасында дами бастай-
ды.
Аналық жыныс жүйесі.Аналық жыныс жүйесіне аналық жыныс
бездері мен қосымша жыныс мүшелері (ұрық жолы,жатыр,қынап,сыртқы жыныс мүшелері) жатады.
Аналық безі – жұп мүше.Бұл без аналық жыныс жасушаларын қалыптастырумен қоса эндокриндік (жыныс гормондарын синтездеп) қызметтерді де басқарады.
Дамуы.Эмбриогенздің 7-8аптасының соңына қарай бездің бастамасы
біліне бастайды.Аналық бездің құрамындағы мезенхимасының ұрық
дамуы алғашқы бүйрек денесінен бастау алады.Ұрықтың 6-аптасының
басына қарай бездің мезонефронынан бөлінуі мен аналық бездің тамырлы аяқшасының қалыптасуы басталады.6-8 апталық ұрықта
аналық бездің ұыртысты заты біліне бастаса,ал боз заты бұдан кейінірек
дамиды.
Эмбриогенездің 3-4 айында бездің алғашқы жасушалары немесе
овогонийлердің жылдам көбеюінің нәтижесінде жыныс жасушаларының мөлшері үдемелі түрде ұлғаяды.Нәрестелік дамудың 3-ші айынан соң овогонийлердің тең жартысын мейоздың үздіксіз фазасында орналасқан біріншілк овоциттерге жіктеледі.Нәрестенің дүниеге келу сәтіне қарай овогонийлердің саны кемиді де,ал бірақ өсу кезеңіне өткен біріншілік овоциттер саны көбейеді.Нәрестенің дүниеге келу мезгілінде бездегі жыныс жасушаларының саны 300-400 мыңдай болады,мұны біріншілік овоциттер дейді.Жаңа туған қыз баланың бойында жыныс бездерінің әрі қарай дамуы жалғаса береді.Аналық бездердің эндокриндік қызметі қыз баланың кәмелетке толған кезінде байқалады.Гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлінетін фолликулин (ФСГ) гормонының әсерінен аналық жыныс жасушаларының шапшаң,әрі қарқынды түрде өсуі байқалады.
Генеративті қызмет.Овогенез.Овогенездің сперматогенезден біраз айырмашылықтары немесе ерекшеліктері бар.
1-ші сатысы – овогонийлердің көбеюі кезеңі – құрсақ ішіндегі нәрестенің даму кезеңінде басталады.
2-ші сатысы - өсу кезеңі туғаннан кейінгі даму барысындағы аналық
безде өтеді де,мұнда алғашқы фолликулдардың 1-реттік овоцитке айналуы басталады.
3-ші саты – пісіп-жетілу кезеңі,2-ші реттік овоциттердің пайда болуы-
мен пісіп жетілген жұмыртқа жасушасының овуляция нәтижесінде
аналық безден жарылып шығумен аяқталады.Пісіп жетілу кезеңі 2 аптадан тұрады және біріншісі екіншісіне интеркинезсіз ұласады.Бұл
хромосомалар санының екі есе азаюына алып келеді, осыдан олардың
жиынтығы гаплоидты болады.
4ші қалыптасу сатысы аналық безінде болмайды.

Аналық жыныс жүйесінің қосымша мүшелері.
Жатыр түтіктері.Жатыр түтіктері немесе ұрық жолдары – құрсақ
қуысы мен жатырды байланыстырып тұратын жұп мүшелер.
Дамуы. Ұрық жолдарының парамезонефральді өзектерінің үстіңгі бөлігінен дамиды.
Жатыр – ұрықтық құрсақ ішінде дамуын қамтамасыз етуге арналған
бұлшық етті мүше.
Дамуы. Жатыр мен қынап, ұрықтың немесе нәрестенің сол және оң
жақ парамезонефральді өзектерінің дистальді бөлігінің байланысқан
жерінде дамиды.Кейінірек ұрықтың (нәрестенің ) 4 айына қарай тоғысу
аяқталады да, жатыр алмұрт тәрізді пішінге ауысады.
Сүт бездері.Сүт бездерін тері құрамындағы тер бездерінің өзгерген
түрі деп қараған жөн.Бірақ қызметіне байланысты сүт бездері аналық
репродуктивтік жүйеге жатады.Себебі,нәресте дүниеге келгеннен кейін
плацентарлы қаннан қоректік зат алуы тоқталады, сондықтан нәрестенің
негізгі қорегі ана сүті болып табылады.
Дамуы. Ұрықтық дамудың 6-7 аптасында нәрестенің кеуде бөлігіндегі эпидермисінен тығыздалған екі сызық түріндегі құрылым сүт сызығы пайда болады. Кейіндеу бұдан сүттік нүкте деп аталатын құрылым эпидермистің астындағы мезенхимаға батып еніп, тығыздалады да,эпителиальді тізбектер түзеді. Пайда болған тізбектердің дистальді бөліктері тармақталып сүт бездерінің алғашқы бастамасын қалыптастырады.Қыз балаларда пайда болған сүт безінің бастамасы жыныстық пісіп жетілуге дейін тыныштық кезеңін сақтайды.Бездердің белсенді түрде өсуі жүктілік пен сүттену кезеңінде (лактация) байқалады.
Овуляция. Овуляция немесе фолликулдың жарылып , 2-ші реттік овоциттің құрсақ қуысына шығуы лютеин гормонының әсер етуінен болады. Бұл кезде оның гипофизден бөлінуі көбейеді. Овуляциядан бұрын аналық бездің гиперемиясы, гемато-фолликулярлық сүзгінің өткізгіштігі артады. Фолликулының көлемі, оның бойындағы қан қысымы тез өседі де, қабырғасы жұқарады. Бұл кезеңде бездегі нерв талшықтарының ең соңғы ұштарында катехоламиндардың көп мөлшерде шоғырланып бөлінуі де байқалады. Фолликулярлық эпителиймен қоршалған 2-ші реттік овоцит жарылып шығып, құрсақ қуысынан жатыр түтігіне өтеді. Жатыр түтігінде пісіп- жетілудің екінші рет бөлінуі тез жүзеге асады да, сөйтіп ұрықтануға дайын, жетілген жұмыртқа жасушасы пайда болады.
Cары дене. Овуляцияға себепші болған лютеин гормонының әсер етуі нәтижесінде пісіп-жарылған овоциттің қабырғасындағы қабықтары бездің құрамында қалып, өзгнрістерге ұшырайды да, бұдан бездің құрамындағы уақытша эндокринді қызмет атқаратын – сары дене қалыптасады. Пайда болған сары дененің құрамына біртіндеп қан тамырлары еніп, кейбір бұзылған тамырлардан қан құйылады. Дамыған сары дененің ортасындағы дәнекер тіні тез өсіп ұйыған қанның орнын басады. Осылай пайда болған немесе қалыптасқан сары дененің дамуы төрт сатыға бөлінеді. Бірінші сатысы¬-пролиферация мен васкуляризацияның барысында жасушалары көбейіп бұлардың арасында капилляр пайда болады. Екіншісі –бездің метаморфоз сатысы. Жасушалары өсіп, оларға липохромдары бар сары пигмент жиналады. Осы кезеңнен бастап сары дене гормон бөледі. Ол гормон- прогестерон. Осыдан үшінші сатысы- толысу сатысы басталады. Бұл сатының ұзақтығы әртүрлі. Егер ұрықтану жүзеге аспаса, онда бұл дененің толысу кезеңі 12-14 күнмен шектеледі. Ал анада жүктілік байқалса, сары дене ұзағырақ сақталады. Бұл жүктіліктің сары денешігі деп аталады.
Жүктіліктің және менструальді циклдің сары денелерінің арасындағы айырмашылық тек даму кезеңінің ұзақтығы мен мөлшерінде жүктіліктің сары денесінің d=1,5-2см ал менструальді дененің ,d=5 см астам.
Жүктіліктің және менструальді циклдің сары денелері өз қызметін атқарған соң, инволюцияға ұшырайды. Осының нәтижесінде бұрынғы сары дененің орнына дәнекер тінді – ақ зат пайда болады. Бұл зат аналық безде бірнеше жылға дейін сақталады да, біртіндеп солып, жойылады.


Пайдаланған әдебиеттер:
1.”Цитология,эмбриология және гистология” Ж.О.Аяпова
2.”Гистология” Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрин
3.”Эмбриология негіздері” Т.Ж.Үмбетов Т.Ж.Бримов


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі