Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898)

 Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898)

Майлықожа - Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы туып, алпыс жасқа келгенде, 1898 жылы Арыс ауданында дүние салған. Әкесі Сұлтанқожадан он төрт жасында жетім қалып, Майлықожа жоқшылық - мұқтаждықты көп көреді. Бірақ талапты жас өлең өнерін ерте машық ете бастайды.
Бай адамның қызы Ханапаны Майлықожа алып қашады да, кейінірек өз еліне тұрақтай алмай Бұхара жаққа өтіп кетеді.
Бұхарадан қайта оралған соң, ақын өзінің біраз өлеңдерін шығарады. Майлықожа бұл шығармаларында Қоқан хандығына қарсы күрескен ерлердің ерлігін, аштық жылдардағы қазақ шаруашылығының күйзелісін, би - болыстардың ел жегіштік мінездерін, махаббат бостандығын, жалпы адам мінездерін түзету, еңбекке, елге, жерге деген шексіз сүйіспеншілік, егіншілік кәсіпті жырлайды. Ақынның бұл шығармаларында терең ойшылдық пен өткір сықақшылдықта айқын көрініп отырады. Алайда, Майлықожаның дүние тану көзқарасында бүгінгі жұртшылық қабылдай алмайтын кертартпашыл жақтары да жоқ емес.
Майлықожа да ертедегі қазақ ақындарының дәстүрін мықтап ұстаған, түр жағынан енгізген тың жаңалықтары жоқ. Солай бола тұрса да, ол шығыс әдебиетінің үлгілерімен жақсы таныс болғандықтан өз шығармаларының өрісін кеңейтуге, оларға жаңа өрнек, бояу беруге мүмкіншілігі мол екенін аңғарамыз. Сонымен бірге Майлықожа кей сәтте жазба әдебиет үлгілеріне, дәлірек айтқанда шығыс ақындарының шығармаларына еліктейді, солардан мол әсер алады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Елбек Дуйсебек
    Елбек Дуйсебек 13.01.2016 17:46
    0 + 0 -
    Шыгармамын берындерш отыныш
  2. ZHARAR
    ZHARAR 30.09.2014 20:00
    0 + 0 -
    мында http://goo.gl/gwN0fl
  3. Erlan Assanov
    Erlan Assanov 30.09.2014 13:46
    0 + 0 -
    Армысын ата-аже кариялар е длимнин шежиоеси дариялар, Армысын ага женге белестерим" деп басталатын акын термесинин матини бар ма екен ? Болса сайтта жариялауларынызды сураймын.