Ертегі: Бір бақыр бөкпен
Баяғыда бір кішкентай қыз болыпты.

Бір күні қыз жидек тере барғанда, бір кемпірге кездеседі.

— Аманбысың, қызым?—дейді кемпір.— Жидегіңнен берші.

— Мә, жеңіз, әже,— дейді қыз.

Жидекті жеп болған соң, кемпір:

Қарағым, «сыйға-сый, сыраға-бал» деген,сен маған жидегіңнен бердің, мен де саған бірдеңе беруім керек,—дейді.—Мә, мына бақырды ал.

«Бір, екі, үш.

Бақыр, піс!»—десең-ақ, тәтті, дәмді бөкпен қайнап шыға келеді. Ал сонсоң:

«Бір, екі, үш.

Оттан түс!»—десең, қайнауын тоқтата қояды.

Қыз:

— Рақмет, әже,— дейді де, бақырды алып, үйіне, шешесіне келеді.

Бақырды көріп, шешесі қатты қуанады.

Қуанбағанда ше? Ол ешбір әуреленбей, тұяғы қимылдамай-ақ түске тәтті, дәмді бөкпен әзір тұратын болды.

Бір күні қызы бір жаққа кеткенде, шешесі бақырды алдына қойып: «Бір, екі, үш. Бақыр, піс!»—дейді.

Бақырда бөкпен қайнай жөнеледі. Көп бөкпен пісіп шығады. Қыздың шешесі тойғанынша жейді. Ал бақырда бөкпен қайнай береді. Қалай тоқтатпақшы? «Бір, екі, үш,

Оттан түс!»—деуі керек, бірақ мұны ұмытып қалыпты, қызы болса үйде жоқ. Бақырда бөкпен қайнай береді, қайнай береді. Бөлме іші бөкпенге лық толады, дәлізге, басқышқа қарай ағады, бүкіл көшені қаптап кетеді, ол қайнап шыға береді.

Шешей не істерін білмей, қорқып, қызын іздеп сыртқа жүгіріп шығады, бірақ көшеде буы бұрқырап ағып жатқан бөкпеннен өте алмай, аңтарылып қалады.

Абырой болғанда, қызы алысқа ұзап кетпепті. Көшедегі көл-көсір бөкпенді көре салып, үйіне қарай жүгірген екен. Әрең-әрең басқышқа шығып, есікті ашып:

«Бір, екі үш.

Оттан түс!»—деп айғай салады, бақыр бөк пен қайнатуын лезде тоқтата қояды.

Ал оның қайнатып тастаған бөкпенінің молдығы сонша — деревнядан қалаға аттанар жолаушы әуелі бөкпен толы жолды жеп, аршуы керек екен.

Алайда ол машақатқа ешкім де ренжімепті. Өйткені бөкпеннің дәмділігі мен тәттілігі сондай керемет болыпты.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Уали.кз - Сегодня, 09:33
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мен

Гость аян - Сегодня, 07:52
Күйеуіме, әйеліме,  ❤️ ғашығыма, жаныма, жарыма, сүйгеніме, қызыма, жігітіме туған күнге тілектер!

керемет тілектер

ZHARAR - Сегодня, 04:01
Адам  🙎‍♂️ және оның қасиеттері туралы мақал мәтелдер жинағы

кушти макалдар

Надирова әсем - Вчера, 23:28
Мақал-мәтелдер: Қорқақтық

Қорқақ қорқақ қорасында иті бар дмбалында биті бар

Исаева Талмаш - Вчера, 23:13
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Қазақ тілі (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

керемет бжб, тжб

Гость Аяулым - Вчера, 22:47
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маган 52 246сандарын жай кобеиткишке жиктеу керек отиниш бул жиынтык багалау

Катя - Вчера, 22:32
Стихи: 4 Ноября - День народного единства России

А7шво272оннн6ублсщ

Дана Лирисова - Вчера, 22:30
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Информатика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ИНФОРМАТИКА БЖБ КЫМДЕ БАР В ЛИЧКУ ПОЖЕ

Жемис - Вчера, 21:34
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Өте жақсы дайындалған тоқсандық жиынтық тапсырмалар. Маған өте ұнады. Іздеген дүниенді осы сайттан табуға

Зархан фатима - Вчера, 21:15
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақстан тарихы (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Оп оңай Қаз тарихтан бжб