16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік таңы - атқан күн)

 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік таңы - атқан күн)

Ақмола облысы, Қосшы ауылы
Ыбырайқызы Рыскүл



Тәрбие сағат мақсаты: Тәрбиеленушілердің ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Тәрбие сағат көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, магнитофон;
Тәрбие сағат барысы:
Әнұраным жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам гимні, - дей отырып гимнді шырқаумен сабақ басталады. Ортада С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі жай ғана ойнап тұрады.

Тәрбиеші:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,
Ел үшін жанын қиып, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас
Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -
Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.
Бүгінгі «Қазақстан елім менің», деген рубрикамен өтілетін «Тәуелсіздік таңы - атқан күн!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жай ғана орындалып, ортада Ана отырады. Сахна сыртынан Қайраттың рухы:
Алижан Елбең, елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып
Ақсауыт киген темірден
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр! – деген Қайраттың дауысы естілді.

Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен?
Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол!
Қалай болып еді өзі?!
Асылбек күйі (Детство) ойнап тұрады. (Ана ортадан ақырындап кетеді)

Тәрбиеші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгі сағат 10 - да бар - жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді ғой.
Арман:
«Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Зарина:
Темір құрсау біздерді бүргені шын
Мұң шағады қапаста кімге құсың
Динара: Ақ-қараңды тексерер түрме деген
Концлагерь болды ғой біздер үшін

Абдурахман: Дүр сілкінді қайдан да қоңыр аймақ,
Бағы жана ма қала ма соры қайнап
Ескендір: Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген
Бізде шықтық алаңға «Елім-ай – лап»
Аружан: Бас көтеріп шықты жастар алаңға
Тәуелсіздік орнасын деп даламда
Қайрат, Ләззат, Ерболменен Сәбира
Арқашанда батырсыңдар санамда
Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады.
Алижан: Қайрат
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!

Қарақат: Ләззатқа арнау
Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды
Мазақ етіп қорлай алмас
Ешкім сенің арыңды.
Абдуллах: Тәуелсіз ел азаттығың құтты болсын!
Ынтымақ пен, бірлігің мықты болсын.
Өрлесін ұлылық пен қазақтығың,
Басыңнан арылмасын шуақты күн.

Көрініс: Алаң. Құлпытас жаны. М. Шаханов және қыз бен жігіт, ана, оқушы.
Жігіт: Алматыға жолым түсіп келе қалсам мен міндетті түрде Республика алаңына соғамын. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасіретті де қасиетті Желтоқсан оқиғасы түседі. Себебі, алаңға егемендік үшін құрбан болған Қайратпен бірге мен де болған едім.

Наргиза: Мен де осы алаңға келсем, барлығы маған не айтасың дегендей болады.
Ақтық сөзің армандарың хатта қалды
Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды
Қайрат! Қайрат!
Сен мені естимісің
Лагерде сен шірітпей, ақтап алдың, - дегім келеді және келген сайын осы сөзді қайталай беремін.

Ортаға ақырындап ана шығады. Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қояды. Жанында немересі болады.
Ана: Ия, айналайын балапандарым!
Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей ар - намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.
Желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланады.
(Залдан көрініс қоюшылар шығып кетеді)

1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. Ал балалар елтаңба туралы тақпақтарымызды айтайықшы.
Диас: Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Мади: Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Даулетхан: Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек-
Ақзере: Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Аида: Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің

Нұрай: Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Нарлен: Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Назерке:Гимн
Гимнім -жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым -
Мың қайталап айтам мұны.

Айымжан: Тәуелсіздік – биігі бұл санамның,
Тәуелсіздік – таза ауасы даламның,
Тәуелсіздік – бұл арманы бабамның.
Тәуелсіздік – бақ дәулеті баламның!

Әбілмансұр: Тәуелсіздік – менің соққан жүрегім ғой,
Тәуелсіздік – ата-баба тілегі ғой.
Мухамедали: Бар Әлемді өзіне таң қалдырған,
Тәуелсіздік – еліміздің тірегі ғой!
Рахманғали: Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,
Жүректерге үміт боп жағылғансың
Аяулысың білмеген алақаннан –
Суып барып қайтадан табылғансың.
«Гулжазира Қазақстаным» әні орындалады (хор)
Қорытынды:
«Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! -
дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: 16 Желтоқсан Тәуелсіздік күні Қазақша Тәрбие сағат жинағы, тарбие сагаты тауелсиздик, тәуелсіздік күні туралы тәрбие сағаттары, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні тәрбие сағаты, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні ашық тәрбие сағаты, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні тәрбие сағат, 16 желтоқсанға арналған тәрбие сағаты, 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты, патриоттық тақырыптағы туралы тәрбие сағаты, патриоттық тәрбие сынып сағаты, патриоттық тәрбие туралы тәрбие сағаттары, Қазақша Тәрбие сағат: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік таңы - атқан күн), Қазақша Тәрбие сағат, 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік таңы - атқан күн) казакша тарбие сагат, Қазақша Тәрбие сағат: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні, Мен Қазақстанның патриотымын, классный час на казахском языке, Қазақша Тәрбие сағат: Қазақ тілі Қазақстандық патриотизм, Қазақ тілі Қазақстандық патриотизм казакша тарбие сагат, классный час на тему патриотизм в казахстан на казахском языке, открытый урок на тему патриотизм в казахстан на казахском языке, патриотизм туралы ашық сабақ, патриотизм туралы тәрбие сағаты, қазақстандық патриотизм тәрбие сағаты, мен патриотпын тәрбие сағаты, мен қазақстан патриотымын тәрбие сағаты, мен казакстан патриотымын ашык тарбие сагаты сабак, мен қазақстан патриотымын ашық сабақ, я патриот казахстана классный час на казахском, я патриот казахстана открытый урок на казахском, мен патриотпын сценарий қазақша, мен патриотпын сценарий на казахском языке, патриотизм туралы сценарий, патриотизм туралы сценарий на казахском, патриотизм туралы сценарий казакша, я патриот казахстана сценарий на казахском