Мұхтар Шаханов (Шекарасыз жомарттық)

 Мұхтар Шаханов (Шекарасыз жомарттық)

Өмір деген ұлы өзенде ғарышқа
атқан толқындарын,
Бәрі де есте, алқынғаның, бақыт
іздеп шарқ ұрғаның.
Ашық-адал мінезіңді ту ғып ұстап жарқылдадың,
Бірақ неге қайығыңды құзға соғып алдың, жаным?
Кей адамның рухынан бақыт кейін қап жүреді,
Жігіт едің аузын ашса көрінетін ақ жүрегі.
"Дарындыдан қарынды озсын!" дейді
күліп заман арсыз,
Нақ осы ұран тұрған кезде қалай түлеп, ағарарсыз,
Қарын күшін мойындамас жұртты
қайдан таба аларсыз?
Таба алсаңыз мұның ерлік екендігін бағаларсыз.
Сатылғанның барлығы - құл,
сатылсаңыз - жоғаласыз.
Ал, сен соны тым ерте ұққан
жомарт болдың шекарасыз.
Күнде үйіңе қонақтарды топ-тобымен алып келіп,
Таң атқанша лаулап-жанып,
әрқайсысын танып, көріп,
Және оларды әнге, жырға,
ой-толғауға салып көріп,
Отырушы ең, қымбаттым-ау,
жүрегіңнен жарық беріп.
Дархан, аңғал болмысыңа пенде
көздер таң қалатын,
Кез келгеннен пәкгік іздеу саған ғана тән болатын.
Сен бір бөлек ғұмыр едің сөзі - сенім,
ісі - бекем,
Бәлкім ақын болғандығым сендей достың
күші ме екен?
Мен қайда ұшсам, қанатымнан демеп
жүрген сені көрем,
Шашым ойша таралады Ақтөбенің желіменен,
Сосын Естай әуенімен, ару Қорлан лебіменен,
Мен қайда ұшсам қанатымнан демеп
жүрген сені көрем.
Әлі талай биіктерге бірге шырқап, асқақтаймыз,
Дос сезімді өлім жеңбес.
Сондықтан біз қоштаспаймыз!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі