Мұхтар Шаханов (Түркістандағы тау)

 Мұхтар Шаханов (Түркістандағы тау)

Біздің елде, заманында әлем назар аударған
Озге түгіл өз ұлтынан шеттетілген таулар бар.
Соның бірі сенің аға - қазағымның нар тауы
Дәуірінің өр рухпен суарылған арқауы,
Талай жерге шашып едің жүрегіңнің жарығын,
Енді туған мекеніңе оралдың ба, алыбым.
Сыртта жүріп сағындың-ау, құшағынды аш, еркеле
Ұлыларын өлгеннен соң ардақтайтын өлкеңе.
Кейде солай, қырандардан шымшықозып жатады,
Оған бола төмендемес кең далаңның атағы.
Бірақ соған ұялатын көз көбейсін деп тіле,
Қансыз бетті қызартатын сөз көбейсін деп тіле.
Бүгін міне сенің күнің күліп кірді есіктен,
Қарсы ал кәне бақытынды жетпіс
бес жыл кешіккен.
Саған шексіз қатал дәуір сыбағасы тиіпті-ау,
Түркістанның мандайына симай кеткен биік тау.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?