Арманым

 Арманым

Облыстық туберкулез санатаориясы мектеп–интернатының 2–сынып оқушысы
Кенжебаев Диас
Тәрбиешісі: Манаргүл Елшебаева
Анам қайтыс болған соң, нағашы әжемнің қарауында қалдым. Менің әжем тамаша кісі ғой. Мені шексіз махаббатқа бөлеп, үлде мен бүлдеге орап, қызымнан қалған қарашығым деп ерекше жақсы көреді.

Әжем жұмысқа кетісімен, маған кешке дейін берілген тапсырмаларды орындап қоюға асығамын. Қазға су құю, жем салу, алдарына шөп жұлып әкеліп тастау, тауықтарды, бұзау жайлау, үйге су тасып қою. Бұзауды жайлау ол бөлек әңгіме. Мені көрсе қаша жөнеледі де, соңынан шөп, жем алып жүгіріп жүргенім. Әй, қуа-қуа шаршаған соң, өксіп-өксіп жылап аламын. «Не қылған бұзаусың, саған тамақ берейін десем, қашқаныңа жол болсын. Кешке дейін аш тұрасың ғо енді» деп. Солай өксіп жатып мызғып кетем кейде, шөпке аунап жатып ержетуді армандаймын.

Шіркін, тезірек ержетсем ғой! Бұзауды қақшитып қазық қағып байлап қояр едім, сиыр келген кезде де босай алмайтындай етіп. Молынан жем, шөбін салып, Айдарбек досымның үйіне ойнауға кетер едім. Оған жүктелген еш шаруа жоқ, бәрін аға-әпкелері жасайды, кешке әжем келгенше компьютерінде ойын ойнап отырар едік.

Қой, армандап болсам, шаруаға кірісейін........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 938



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!