Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым

 Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым

Тәрбие жалпыға ортақ қасиет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі
жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген
еді.
Еліміздің дербес мемлекет ретінде дамуы қоғамның болашақ ұрпақтарын
ерекшеліктерімен тәрбиелеуді қажет етеді. Еліміздің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында
«Тәрбие дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық
дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіру»- деп көрсетуі, бүгінгі әрбір қазақ баласының
өзінің ана тілінде, өз діні мен діліне сай үйлесімді тәрбиелеуді көздейді. Осы ұлттық
тәлім-тәрбиенің жетістіктерін отбасы мен білім беру саласында кең түрде
пайдаланбауымыздың салдарынан жастар арасында мейірімсіздік, ізгілік, адамгершілік
нормаларынан ауытқулық, кісілік қасиеттер төмендеп кеткенін аңғару қиын емес.
Бүгінгі қоғам – жаңа қоғам. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі жолдан жаңа арнаға
түсу біршама қиындық тудыратындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Атқаратын да, сәт
сайын айтатын да әрі маңызды мәселелердің бірі - бала тәрбиесі. Қоғам – адаммен ғана
қоғам бола алады. Ал қоғамның негізгі байлығы –адам, оның ішінде жас ұрпақ. Ұлы
ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала
қайдан болсын» деген еді. Бүкіл елдің кемел келешегі болатын балаларды тәрбиелеу,
оларға сапалы білім беру қандай қоғамның болмасын алдындағы ең негізгі міндеттердің
бірегейі болмақ. Бұл жөнінде де А. Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім
қандай болса – мектебі һәм сондай болмақшы» деген анықтаманы көрегендікпен әлде
қашан беріп қойған. Ғасырлар бойы халқымыз өз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып
келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді тәрбиенің өзегі , алтын діңгегі десе де болады.
Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын
дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты
мәселесінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол,
сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде
бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер-білімді игеруі
тәрбиеге, салауатты өмірге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны
жақсы түсінген халқымыз – "Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы”, "Тәрбиесін тапса
адам болар, оқуын тапса білім қуар” деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін
өсиет еткен.
Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны
тәрбиелеу – мемлекеттік маңызды іс екені белгілі. Сол себепті жоғарыда сөзіме арқау
болған мәселелерді түбегейлі шешу, салауатты өмір салтын қалыптастыру –
баршамыздың парызымыз әрі қарымыз екені даусыз. Оқу мен тәрбие-егіз екендігін мен
терең түсіндім десем еш қателеспеймін. Ұстаздық еткен 3 жыл ішінде мен өз іс-
тәжірибемді түйіндей келе төмендегідей ой қорыттым.
Келешектің қамын қазірден ойлап, оған бүкіл жұрт болып атсалысуға міндеттіміз, -
деп сөз ой-толғауымды түйіндегім келеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі