Жаңа жүйе-жаңа қозғалыс

 Жаңа жүйе-жаңа қозғалыс

Қазақ қазақ болып танылғалы елімізде барлық салалар бойынша айта кетер болсақ
экономикалық тұрғыда, спорттық жарыста, көптеген мемлекеттік шараларда алға нық қадам
басып келе жатқан елміз. Барлық бастаулар, қозғалыстар ҚР призиденті Н.Ә.Назарбаевтың
жолдауларынан негіз алып отыр. Сондай бағдарламалардың ең негізгісі білім беру саласындағы
жаңа жүйенің енуі. Бұл бағдарлама кәсіптік оқу орындарында дуалдық оқыту жүйесін енгізуге
негізделеді.
Бұл жүйе техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, кәсіптік кадрларды
даярлауда әлеуметтік серіктестікті кеңейту жөніндегі іс-шараларға сәйкес, ҚР Білім және Ғылым
министірлігінің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-әуқат қоры акционерлік қоғамымен бірлесе
отырып «Білім және бизнес - бірге ел игілігі үшін» атты республикалық конференцияда бастау
алды. Жүйе түлектердің біліктілігіне тәуелсіз баға беретін жүйе құруға, білім берудің тәрбиелік
жағын күшейтуге, отаншылдық рухты биіктету мәселелеріне де көңіл бөлуді талап етеді. Аталған
конференция шеңберінде ҚР Білім және Ғылым министрлігінде және «Самұрық-қазына»ҰӘК
АҚ арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.
Дуалдық оқыту жүйесі – қос бағытты білім беру жүйесі яғни оқу орны мен жұмыс берушінің
әлеуметтік серіктестігі болып табылады. Білім мен еңбек нарығы тығыз байланысты бірі білім
мен дағдыны игертсе, екіншісі осы білімге ие адами ресурстардың нарығы, жастарды оқыту
мақсаттарын білім берумен ғана шектелмей білім алушыларды қажетті арнайы және кәсіби
құзіреттермен қаруландырады.
Нарық экономиканың талабына сәйкес жұмыс іздеуші жастардың кәсіби даярлыққа ие болу
болып табылады. Білім, ғылым, өндіріс сияқты үш одақтың бірлігі ғана нарық талаптарына
жауап беретін маман дайындау механизмі іске асырылады.
Бүгінгі таңда Атырау облысының кәсіптік білім беру ордасының бірі Атырау Бизнес және
Құқық колледжінде қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен сезіну мақсатында дуалдық жүйені
қолдану тәжірибесі қолға алынып отыр.
Колледжде түлектерді екі бағытта яғни дуалдық жүйемен оқыту мақсатында кәсіпорындар
және мекемелермен келісім шартқа отырып, теория мен тәжірибе арасындағы алшақтықты
жойып, болашақ мамандардың жұмыс берушімен байланыста білім алушылардың кәсіби
біліктілігі мен іскерлігін жұмыс орнында меңгеруіне тікелей ықпал етуде өз мүмкіндіктерін
туғызуға аса көңіл бөлуде.
Атырау Бизнес және Құқық колледжі төмендегідей мекемелермен дуалдық оқыту
жүйесін іске асыру мақсатында тығыз байланыста:
- есеп және аудит мамандығы АҚ «Цесна Банк», АҚ «Азия Кредит Банк»,
АҚ«БТА Банк»,АҚ «Сбербанк России» Атырау филиалы;
- бағалау мамандығы бойынша Қалалық Жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік
басқармасы, ЖШС «Atyrau City»
- Электрмен қамтамасыздандыру мамандығы бойынша «Атырау электрмен жабдықтау
дистанцияся», АҚ «Атырау Жарық»
Мамандықтар бойынша аталған мекемелермен байланыс студенттердің жұмыс орнындағы
өзін – өзі ұстау этикасынан бастап кәсіби деңгейдегі дағдыларға бейімделуіне себепкер болып
отыр. Бұл жүйеде тек қана дағдыларды игеріп қана қоймай студенттерді психологиялық тұрғыда

тәрбиелейді. Әрбір маманға қажетті дағдыларды дәріс беру барысында игерген студент алдағы
уақытта бетке ұстар маманның болатынына толық сенім артуға болады. Колледж шеңберінде
екі бағытты жүйені қолдану білім беру саласындағы үздік бағдарлама болуы ықтимал, себебі
оқытудың дуалдық жүйесін енгізу бүгінгі өмір талабынан туындайды. Қазақстан
Республикасының әрбір білім ордасында осындай дуалдық жүйенің нәтижесінде кәсіптік білім
берудің сапасы артып, білім деңгейі сатылап көтерілері сөзсіз.Өйткені қос бағытты білім беру өз
саласындағы жұмыс жүйесін жақсы меңгерген кәсіби мамандар қалыптастырады. Кәсіби этиканы
эстетиканы игерген жас маман кәсіби сатыда да өзін мықты ұстап, жоғарғы белестерден
көрінетініне толық сенім білдіруге болады деп ойлаймын. Осы фактілерге негізделе отырып
білім беру саласында дуалдық жүйені қолдану кәсіби маман даярлауда алға қарай үлкен
қозғалыстың белгісі деп білеміз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!