Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Қызғыш құс)

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Қызғыш құс)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Алғашқы жыныстық қатынас (секс) немесе қыздықпен қоштасу (+18)

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорғаны мен едім.
Мен де айрылдым елімнен;
Көл қорғаны сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған -
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған -
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып - айтпай немене,
Құсарлықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Түрлі ісік ауруларынан айықтыру дұғасы





Комментарии для сайта Cackle