Бір топ жігітпен мың бұрала билеген Баян Есентаева желі қолданушыларын тәнті етті (видео)

Бір топ жігітпен мың бұрала билеген Баян Есентаева желі қолданушыларын тәнті етті (видео)

Атышулы продюсер жуырда екінің бірі бара бермейтін мюзикл жанрында "Сиситай" атты фильм түсіріліміне дайындықты бастады. Баян фильмде ән айтып қана қоймай, мың бұрала би билеп, дайындық жүргізіп жатқан видеосын желі парақшасында жүктеді, деп хабарлайды NUR.KZ.

"Түсірілім барысында дайындық жалғасын табады. Менің Алисам ән де айтады, би де билейді", - деп жазды ол.

Продюсердің биін көрген желі қолданушылары оның жеңіл әрі еркін қозғалысына тәнті болып, Баянның сегіз қырлы, бір сырлы екенін жарыса жазып жатты.

"Тамаша би! Талантты адам барлық жерде де талантты деген осы", "Қалай жеңіл әрі ойнақы қимылдайсыз", "Мынау сізге мүлдем ұқсамайды", "Сенбеймін бұл Баян емес", "Бұл Баян емес, оның тұңғыш қызы"- деп жазып жатты желідегілер.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!