Президенттің інісін "жемқор" деп түрмеге жаптырған прокурор әйел кім? (фото)

Президенттің інісін "жемқор" деп түрмеге жаптырған прокурор әйел кім? (фото)

Румыниялық прокурор қыз бір жылда 1200 жемқор шенеунікті қылмыстық жауапқа тартқан. Бір ғана жалақымен жан бағып, жұмысына адал бола білген шенді бойжеткен Лаура Ковеши еуропалықтардың аңызына айналған деп хабарлайды currenttime.tv сайтына сілтеме жасған NUR.KZ.

Прокурор бойжеткен елдегі жемқорлықты тоқтату үшін аянбай еңбек етіп келеді. Соңғы бір жылда мыңнан астам ұры шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғапты. Оның ішінде тіпті Лаураны прокурор етіп сайлаған, ел президентінің судья қызметін атқаратын туған бауыры да бар.

Румыния президенті Траян Бэсеску 2013 жылы елдегі жемқорлықпен күрес жүргізу үшін нәзік жанды Лаура Кодруцы Кьовеши жемқорлыққа қарсы прокуратураның басшысы етіп сайлаған. Ол үш жылдың ішінде пара алып, қызметін асыра сілтеп, жемқорлыққа жол бергені үшін 1200 азаматтың үстінен іс қозғап, сотқа жолдаған. Оның ішінде елдің премьер-министрі, үш министр, алты сенатор, 11 депутат, 47 қаланың мэрі, ұлттық компанияның 21 басшысы бар.

Президенттің інісін "жемқор" деп түрмеге жаптырған прокурор әйел кім? (фото)

Лаураның әкесі де прокурор болған. Британдық басылымның жазуынша жемқорлардың әзірейіліне айналған әйел өмірде өте қарапайым, жекеменшігінде 55 шаршы метр болаты несиеге алған екі бөлмелі пәтері ғана бар.



Алайда румыниялықтардың айтуынша Лаурада еркектерде жоқ ержүректілік бар. Ол осы қасиетін халқының игілігіне жұмсап, елдегі жемқорлықпен күресуде. Лаураны жақтырмайтын шенділер өте көп. Олар прокурор әйелді «телефон тыңшсы» деп айыптайды.

Алайда Румыния халқының 60 пайызы Лаураның ісін қолдап отырғандықтан ол 2019 жылға дейін прокурор қызметін жалғастыратын болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!