Серікбай Маханов (ОЙЫҢДЫ АЙТ)

 Серікбай Маханов (ОЙЫҢДЫ АЙТ)

Алаңдайды , ауырлайды тұл бойым ,
Сағынышпен күткендеймін жыл тойын .
Шаршамастан жыр бұлағын іздейін
Нұрға бөлеп туған жердің қыр – ойын .

Таң алдында гүлді орап сәулеге ,
Бұлбұл үнін сайратамын кеудеге .
Алауратып алыс ұшқан тырналар
Ақша бұлтқа себеп болды теңеуге.

Құлақ тостым қанатына тырнаның ,
Сол бір сәтте әсем әнді тыңдадым .
Нөсер төгіп өтсе уақыт , тыныштық
Шабытымды жыр жолына арнадым .

Ыдыратамын тұрсадағы бұлт төніп ,
Өкінбеймін жырға кетсем өртеніп .
Нашар өлең ойдан аулақ кетіңіз
Қоқыс қалған , көбік ауыз секілденіп .

Өлең – қиял арман болған сүгіреттей ,
Ақ қағазға бейне берсін тырпетпей .
Көз моншағын жуғызайын жаңбырға
Пәк көңілден өсер мекен жыр көктей .

Тілдесемін өміріммен осылай ,
Түн ауғанша ешкімдерге қосылмай .
Ұйқасымен жыр сандығын ашқанда
Ойыңды айт көпшіліктен жасырмай !
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий