Серікбай Маханов (ҚҰЛПЫРАДЫ КЕҢ ДАЛА)

 Серікбай Маханов (ҚҰЛПЫРАДЫ КЕҢ ДАЛА)

Меңіреу құлазыған кең жазира ,
Оранды неше түрлі гүл мен бауға .
Алып күш еңбегімен бар халықтың
Бөлендік емін – еркін сайрандауға .

Маржандай алтын дәндер толқын болып ,
Шығады Күн көзімен жарқылданып .
Отаным неткен байтақ байлық кені
Жырлаймын елімді мен ақын болып .

Сайраса бұлбұл құстар бақшасында ,
Орандым өмір көркін жас жаныма .
Колона моторымен әнге салып
Миллиард кетіп жатты Отаныма !

Жан құрбым тансы биге дөңгелеші ,
Айналаң бау – бақшаның көлеңкесі .
Ерлерім игергенде кең даланы
Жерімнің құлпырады тың белесі !
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий