Серікбай Маханов (БҮЛДІРГЕН ҚЫЗ)

 Серікбай Маханов (БҮЛДІРГЕН ҚЫЗ)

Көңілдің сірә сырын кім тербеген ,
Арыстың жағалауы қыз бүлдірген .
Жемісін көрген кезде қызыл іңір
Көгінен күн көрінді күлімдеген .

Туған жер еркелеттің қыз бен ұлды ,
Түлетіп шалғын шөпке тораңғылды .
Сағыныш саздарына тиек етіп
Іздедім әнге салған дауысыңды .

Жарысып толқын ақты арнасымен ,
Жалғасып махаббатым туар күнмен .
Барады ән өрмелеп жар басында
Ағынның сусып аққан шөлдерімен .

Арманым жалғасады жылдарыммен ,
Бойыма шуақ төіп жанарыңмен .
Жастық шақ әнім болған ерке Арыс
Кеудемді керіп өттің самалыңмен .

Шегіндім артта қалған тойларыма ,
Жарастық таппай сезім ойларыма .
Қайранмын бүлдірген қыз сені көріп
Жолықтым өлең деген қайнарыма .
Іздеп көріңіз:
0 + 0 -

Добавить комментарий