Серікбай Маханов (ЖҮРЕГІМ – ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН)

 Серікбай Маханов (ЖҮРЕГІМ – ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН)

Сөйлеші тебіреніп дарқан далам ,
Таныссын тарихыңмен ақын балаң .
Елімнің жарық Айдай бостандығын
Кезінде аңсап өтті қайран бабам .

Үңілсем тізбектелген сол жылдарға ,
Күрсініп ойланамын зар мұңдарға !
Шаңдатып талай тұлға ат тұяғын
Ойнатып ерік берді ұл – қыздарға .

Еркіндік ел бірлігі басын қосқан ,
Қарашы ерлік барма бұдан асқан .
Ғасырлар таңба басып өтіп жатыр
Болашақ тіршілігін ақылдасқан .

Бабалар өсиеті тілге біткен ,
Нақыл сөз қазақ болып елге жеткен .
Даналы тілің болса – үнің шығар
Шаттанып , мақтан етіп үлгі еткен .

Тынысын тыныстатып қазақ елім ,
Салтыңа ие болдың тілім – дінім .
Бесіктен тербетіліп өскен сәби
Кетпесін шұбарланып Ана тілім ? !

Отаным көк жиектен нұрын шашқан ,
Тыныштық бұл өлкеде таңың атқан ,
Сәулесін жарық күннің төгіп тұрсың
Егемен бостандығын армандатқан .

Ар – ождан , мейрімділік жасап жатқан ,
Табиғат заңдылығы қайнап аққан .
Кең байтақ менің елім Қазақстан
Еңбекпен думандатып жайнап атқан .

Көк аспан шашыратып жылулығын ,
Оранды орман – тауым сұлулығын .
Кен байлық , еккен егіс жайқалады
Қабылдап Күн көзінің қызулығын .

Дұшпандар сөзге құмар таңғаламын ,
Отанын сатқандардан сақтанамын !
Елім деп соққылаған жан жүрегім
Өмірге өлеңіммен жалғанамын .

Жасатып бағдарлама жоспарларын ,
Ер болып қолға алдық жастар жағын .
Жарысып достықпенен біз келеміз
Биіктеп елу елдің қатарлығын .

Сайлады ынтымаққа бір басшылық ,
Одағы қауіпсіздік Европалық .
Мемлекет елу алты мүше оған
Орнатып жер бетіне қарусыздық .

Дамыды экономика алға бастық ,
Асқақтап барлық елмен қатарластық .
Халықтар ел тірегі орасан күш
Жүрегім соғып тұрған Қазақстандық !

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі