Серікбай Маханов (БЕЙБІТ КҮН САҚШЫСЫ НҰРСҰЛТАН)

 Серікбай Маханов (БЕЙБІТ КҮН САҚШЫСЫ НҰРСҰЛТАН)

Таң атты , сәуле шашып нұр жарықтан ,
Айтатын алғысы көп бар халықтан .
Бейбіт күн сақшысы боп , тіл табысқан
Жасай бер ел басшысы ер – Нұрсұлтан .

Қазақтың азаматы аман болсын ,
Қабыл ал көңілдегі айтқан назын .
Өмірде тіршіліктің бәрі жақсы
Кейбіреу өзгертеді басқан жолын .

Адам боп дүниеге жаралғанда ,
Белгілі азаматпын ар алдында .
Сөзімді айтып өтем шындықпенен
Қасқайып қаймықпастан дар жанында .

Кінәмшіл ақын жаны шындық сүйген ,
Қашаннан арыла алмай сұмдық күйден .
Балаққа жармасады пасық жандар
Шатасқан түйін жіптей бір бүйірден .

Беймаза ойдың өрті лапылдайды ,
Өсек қып топас надан жақтырмайды .
Күнбе – күн алға қарай ілгерлеткен
Мұндай ел жер бетінен таптырмайды .

Мақтандық пенсия , айлық қосылғасын ,
Күнкөріс жақсы болып отырғасын .
Алшаңдап қағынады кәсіпкерлер
Көтеріп саудадағы бар бағасын .

Дейді ме , билік қолда әрбір адам ,
Қулықпен демократия басқан қадам .
Барады күннен – күнге нарық қымбат
Келмейді тоқтатуға бұған шамам ? !

Топталып өздерінше ұйым құрып ,
Жиналар қорларына тиын толып .
Жан – жаққа тартқыласа не болады
Жүрмесін Әділетке қиын соғып !

Егемен қазақ елім жайнай бергін ,
Алланың ақ жолына бастай көргін .
Ел басы сайланады халықпенен
Шапқылап сайлау күні жаппай дүркін .

Еркі бар бейбіт елдің «Баб» сауында ,
Жүрмесін өзімшілдің шашпауында .
Үреді кейбір білгір көсемсініп
Қалғанда тіл лебізі астауында .

Айтысып ашық хатын жолдағандар ,
Түсінбес бейбіт күнді оңбағандар !
50 - баб , 2 - тармақ бұзылмайды
Өйткені халқымыз бар толғандырар .

Ерлігін президенттің әлем білер ,
Өсек сөз алып – қашпа тілін тілер .
Тыныштық орнатқан ел біздей болсын
Сұмдық қой жалған газет сөзін тізер .

Жаңарған Қазақстан шарықтайды ,
Көгінде жыл құстары қалықтайды .
Кен байлық бабалардан қалған жерім
Еңбегін бейнетпенен анықтайды .

Жетілген көзі ашық оқығанның ,
Ішінде бәлесі көп тоқығанның .
Қызғаныш апарады қыйсық жолға
Білер ме , тас қамалдың соғылғанын .

Қамал деп қамықпағын берік қорған ,
Шегара достықпенен орнатылған .
Барамыз алға бастап әлем шарда
Ризамыз Нұрсұлтанға жолықтырған .

Өсетін қазақ болсаң түрткілеме ,
Қайнаған көңілдерің «кек» тілеме ?
Неліктен қазақ жері жекеленді
Ие болғын үлесіңді тепкілеме ? !

Сатпағын жеріңді , ел – Отаныңды ,
Қорғағын еңбек етіп орғаныңды .
Шетелге жалға берсең ақысын ал
Сақтағын асыл мұра қорғаныңды .

Достықпен барлық елдер қол алыссын ,
Ақ ниет президентке ел жолықсын .
Шешілер шешілмеген талай істер
Басқалар Нұрсұлтандай қайдан болсын .

Елге керек Ту ұстайтын президент ,
Әділетті нұрлы жолмен қорғайтын .
Оппозиция жөнің басқа бүлінген
Жүгенсіздерді не қыламын оңбайтын !

Есің болса пендем менің есірме ,
Пайда келтір айтарлықтай еліңе .
Атақ алып түк келмейтін қолыңнан
Жағымпаз боп бекер босқа секірме ?

Отан үшін отқа түскін күймейсің ,
Бейбіт күнде ел басшыңды білгейсің .
Болашаққа ұрпақ қамын болжаған
Нұрсұлтанды қолдап жұртым жүргейсің .

Жол беріңдер іскерлікке шын пейіл ,
Көкке өрлеп шарықтасын нақ көңіл .
Алып кеме мемлекеті Қазақстан
Шұғылалы таңды күтті қанша жыл ?

Тәуелсіздік жырын жырлап сан жылдар ,
Бұлақ болып ағып жатты ағындар .
Қазақ елін бар әлемге танытқан
Нұрсұлтанның ерліктерін айтыңдар !

Даурықпа сөз кімге керек байқайын ,
Талқылаыық ақыл қосып ағайын .
Өмір үшін бейбіт күнді қорғаған
Нұрсұлтандай ер есімді сыйлайын .

Барлығы да призидентке үміткер ,
Өңшең сабаз маңдайынан төкті тер .
Бәрі адам еркі бар ғой бірақ та
Нұрсұлтандай болар ма екен – күрескер .

Мықтылары тақ таласып ойланды ,
Өздерінше түрлі әдіс қолданды .
Қараңдаршы ақша үшін ар сатып
Кейбіреуі шетелдерге алданды .

Жай табады , жаны жайсаң мақтаса ,
Бұғасың кеп , күштілерің жақтаса .
Ел ішінде ақсақалдар ақылын
Сертке ұста , сөзін тыңда тоқтағын .

Имандылық тияр мекен жандарын ,
Обал , сауап ойланбайды жолдарын .
Демократия беріп қойды есіртіп
Бөліп қойып қызғанышқа сандарын .

Жасаймын деп ел тірлігін бастауға ,
Үміткерлер жағы тынбай қақсауда .
Тұрған бойы кесір іске малшынып
Баса – көктеп бір – бірлерін таптауда .

Қалаулысын ел басшысын таңдайық ,
Ата – баба нақыл сөзін тыңдайық .
Шыңнан биік —- Отан елім тұрғанда
Халқымызды айғақ жолдан бұрмайық .

Жақын қалды сайлауға да бірер күн ,
Қолдамайық оппозиция тобырын .
Адаспайық президенттік сайлауда
Дауыс бергін Нұрсұлтанға — ел үшін !
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий