Жанар Айжанова: Әншілерді миллионер деп ойлайтындармен келіспеймін

Жанар Айжанова: Әншілерді миллионер деп ойлайтындармен келіспеймін

Санаулы күн бұрын Ақтөбеде өткен «Туған жер» республикалық форумына қатысқан танымал әнші, термеші, соңғы кезде актриса, тележүргізуші болып жүрген Жанар Айжанова «Тілші» сайтына берген сұхбатында ақтөбеліктерге не үшін өкпелегенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қазақта "өркенің өссін" деген жақсы сөз бар. Ақтөбе өркендей берсін, өсе берсін. Қашан да қызмет етуге дайынбыз. Қызмет етіп те жүрмін. Жүрген жерімде аузымнан Ақтөбемді тастамаймын, Шалқарымды тастамаймын. Алматыда жүргенімізге отыз жыл өтсе де, Ақтөбенің тілімен сөйлеймін», — деп әңгімесін бастаған әнші Ақтөбе облысына реніші болғанын да жасырмай айтып берді.

«Мен шынымен Ақтөбеге өкпелейтінмін. Өйткені, қаншама келіп концерт қойып жүргенімде бір 3-4 түйір гүлін алып, амандасып кетуге жарамайтын. Білмеймін, кім болса да, тек тонауға дайын тұратын. Аренданың ақшасын алып, саудаласуға келуді біледі.

Ақтөбеге көп келмей кеттім ғой. Ал, бірақ, биылғы «Туған жерге тағзым» шарасы, «Туған жер» форумы басқа әңгіме. Оны шатастыруға болмайды», — деді ол.

Жанар Айжанова Ақтөбеге күнде келмеген соң, сағынатынын жеткізді.

«Елге деп келгенде басқаша келесің, сағынып келесің. Басымнан өтті ғой. Сол кездері билет өткізгенде қиналасың. Көмектеспегені былай тұрсын, анаусы келіп бір тонайды, мынаусы келіп тонайды. Концертке келгенде ақша табамыз деп келмейсің ғой.

Анда-санда бір айналып соғып тұрасың. Концерт бергің келеді. Басқа жаққа барғанда да концерт бересің. Неше түрлі құйтырқы жағдайлар болып жатады. Бірақ ауылға келгенде өзіңнің туған жеріне арқаны кеңге салып, рахаттанып келесің ғой. Алайда, көңіліңді түсіріп жібереді», — дейді ол.

Айжанова жергілікті атқару органдарына, телеарналар мен радиостанцияларға өкпелі болғанын да айтты.

«Бір жарнама бере қояйын десең, әкелерінің құнын сұрайды. Радиоң да, телевизорың да. Сөйтіп, анау кішкене ақшаны қайда жеткізем деп дал боласың. Келген халық ренжиді. Жарнаманы аз бересің деп. Сондай кезде әкімшіліктің де, телевидениеңнің де көмегі керек екен. Біз миллионер емеспіз. Тек сол өзіміздің әнімізбен жүреміз. Бірде бар, бірде жоқ. Әншілерді бай дегендермен келіспеймін. Жүрген адамбыз. Кірісімізді есептейді де, шығысымызды есептемейді. Бір ән жазып концертке шығудың өзіне 3500-4000 доллар кетеді. Өзіміздің қалтамыздан. Оны ешкім көтермейді. Оны сен де жақсы білесің, мен де жақсы білемін. Ақшаны қалай табамыз, солай кетеді», — деп мұңын шақты әнші.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!