ZHARAR | KZ | Кеңестер | Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Ғашық жұпқа бір-бірінен не керек?
Ғашық жұпқа бір-бірінен не керек?
Адамдарды біріне бірін жақындастыратын ең маңызды жайт – екеуара ұқсастығы. Өмірге деген көзқарастары ұқсас болса, ой-пікір бір жерден шығып отырса, жігіт қыздың анасына, қыз жігіттің әкесіне ұқсайтынын байқаса, арадағы байланыс беки түседі. Ұқсастықтар жақындатқан қос ғашық бір-бірінен не тілейді? Алға бірге жоспар құрып, болашаққа бағыт алған соң, жай ғана жанында жүруі жеткіліксіз. Қыздар мен жігіттердің пікіріне сүйеніп, ортақ мынадай нәтиже шығардық.

Қызға жігіттен не қажет? Жігітінің мәңгілік назары. Көп жігіт қызды қымбат сыйлықтармен ғана қуантамын деп ойлайды. Жоқ. Сіз үнемі оның сөзіне құлақ асып, еш сұрағын жауапсыз қалдырмай, басқа жақта жүргенде де ойыңызда осы қыз жүретінін білдіріп, жиі-жиі хабарын алып отырсаңыз, қызға одан артық сыйлықтың қажеті жоқ. Қызға қамқор, қорған болу деген тек қауіпті жағдайдан құтқару емес, күнделікті жылы киінуін, тамағын уақытылы жеуін айтып, денсаулығына, болашағына алаңдап отыруыңыздың өзі оған бейжай қарамайтыныңызды, сезіміңіздің терең екенін көрсетеді. Сіз оған әрдайым назар аударып, көңілін таба білсеңіз, ол да үнемі өзіне қарап, сымбатына, сырт келбетіне баса көңіл бөледі. Осындай қарым-қатынас арқылы «қыз кезінде бәрі жақсы» деген сөзді қолданбауға өзіңізге өзіңіз жағдай жасайсыз.

Жігітке қыздан не керек? Қыз жігітті ештеңемен қамтамасыз етпейді. Бірақ екеуін де бар қажеттілікпен қамтитын нәрселерді табуына қыз түрткі болады. Жігіті үшін оның ақшасы да, көмегі де, қызметі де еш маңызды емес. Қаражаттан қиналса, оған демеушілік жасамаңыз. Ер басымен әйел затының қолына қарау ер азамат үшін намыстың әңгімесі. Керісінше, сіз сол қаржыны өзі табуы үшін жігерлендіріңіз. Жігітке қыздан тек қолдау керек. Қай істі де дөңгелентіп әкетеріне сенім білдіріңіз. Оны үнемі қолпаштап, айтқанын құптап отырыңыз, шешіміне қарсы шықпаңыз. Тіпті сіздің айтқаныңызды істеді деген күннің өзінде «бұл өз шешімім» деп ойлайтындай жағдай туғызыңыз. Тек ақша табу мәселесі емес, үйдегі қарапайым шеге қағу сынды жұмыстарға ебі жоқ болса, өзіңіз істей салмай, оның ер азамат екенін айтып, қолынан бәрі келетініне шын сеніп, қалай болса да өзі үйреніп алуына итермелеңіз. Билеп-төстемеңіз. Жай ғана қолдау көрсетіңіз.

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Екатерина Васильева
дереккөз

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Ернур - Сегодня, 01:13
Абай Құнанбаев (Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат)

Тайм тайм тайм

Гость Айша - Сегодня, 00:42
Көшбасшы болу үшін

Мне нужно Қазақстан тарихы 1-токсан

Апогей и - Сегодня, 00:34
Математика (Бастауыш 2 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Тжб матем

Гость Меруерт - Вчера, 23:59
Физика (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Цитата: www.kzПжжжж. 9кл тжб 1 тоқсан. Жауаптарын тауып беріңдерші. Керек болып тұр. Келісі апта тапсырамыз.🙏🏻🙏🏻🙏🏻🙏🏻

Гость Меруерт - Вчера, 23:59
Физика (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Радиусы 2,5 м дөңгелек 15м/с жылдамдықпен айналады. Дөңгелектің бұрыштық жылдамдығын тап.

Дилинур - Вчера, 23:52
Менің мектебім

Ноааолиимегшмс

Гость Фатима - Вчера, 23:31
Қазақ тілі (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Цитата: Аульбекова Асель БолатовнаҚазақ тілі 1 тоқсан 4 сынып тжб жауаптары керек Мағанда қажет😁

Гость Фатима - Вчера, 23:30
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Суретте бейнеленген үдеріс қалай аталады? Айтып жіберіндерші өтінемін😢

Заң - Вчера, 23:14
Стихи: 4 Ноября - День народного единства России

классные стихи

Ali Jumabek - Вчера, 23:10
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Цитата: Венера1 токсан тжб математика керек