Айқын Жұлдыз Өмірғалиден бала сүйгенін жоққа шығармады (фото)
Айқын Төлепберген "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалиден бала сүйгенін жоққа шығармады. Бұл туралы NUR.KZ порталы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Айқын Төлепбергенді өнердегі әріптестері үшінші рет әке атанғанымен ашық құттықтай бастады. Мәселен, Нұрлан Еспанов Айқынды ұлды болғанымен телеарнада ашық құттықтап қойды.
"Айқын досымды құттықтаймын. Мұндай жігіттің ұлы болашақта танымал азамат болады деген сенімдемін. Айқын, кішкентайың құтты болсын, бауы берік болсын, үлкен азамат болып өссін", - деп тілегін жаудырды Нұрлан.
Айқынның өзі болса, Жұлдыз Өмірғалиға қатысты ақпаратқа пікір айтуға құлқы жоқ екенін байқатып, сұрақтан жалтарды.
"Айтпай-ақ қояйықшы, ол туралы сөйлескім келмейді", - деген Айқын әке атанғанын жоққа шығаруға да асықпады.
Еске салсақ, әнші бұған дейін Әсел есімді арумен отбасын құрып екі рет әке атанған болатын. Содан кейін әншінің ажырасып кетіп, Жұлдызбен көңіл жарастырғаны туралы сыбыс тараған еді.
Алайда әнші де, оның менеджері де бұл ақпаратты бүгінгі күнге дейін жоққа шығарып келген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!