Белдемше киіп алған Әлішер Кәрімов жұрттың жағасын ұстатты (фото)

Белдемше киіп алған Әлішер Кәрімов жұрттың жағасын ұстатты (фото)

Жұрт Әлішер Кәрімовті даусы дара, стилі де өзгеше өнерпаз ретінде біледі. Себебі расымен де Әлішер шоу-бизнестің қатып қалған заңдарына бағынбайды. Сонау 2003-2004 жылдары өткен Super Star жобасы кезінде-ақ сахнаға орамал тағып, жалаң аяқ шыққан жігіт жұрт есінде.

Одан кейін Кәрімов біраз өзгерді. Классикалық әндер айтатын болғандықтан, классикалық үлгідегі киімдер кие бастады. Бірнеше рет сахнаға шұлықсыз аяқ киім, жейдесіз костюм киіп шығып, ел назарын өзіне аударды. Ал бұл жолы әнші белдемше киіп, елді дүрліктірді.

Дәл осындай күймен Әлішер Алматыда өткен Star of Asia халықаралық фестиваліне шыққан.

“Бұл статуэтка Star of Asia фестивалінен бұйырды. Осындай керемет мерекені ұйымдастырып берген жандарға көп рахмет”, – деп жазды Әлішер.

Бұдан кейін тыңдарманның сынына ұшырайтынын білген Әлішер оларға алдын ала хэштег арқылы жауап берді. “Юбка киіп алған, ерсі көрінеді”, “Оттама”, – деп жазды әнші.

Бұл ретте желідегілердің пікірі екіге бөлінді. Олардың бір тобы Әлішерді жерден алып, жерге салса, ендігілер стилінің ерекше екенін айтып жатты.

“Әлішер, мына киіп алғаныңыз не?” “Әйелдің көйлегін кие салмадыңыз ба”, “Филипп Киркоров сияқты, стилі ерекше”, “Юбка киіп алғандай”, “Жараспапты”, “Бауырым, юбкаңды шешші, былай басқасы жақсы”, “Мынау не киім, ыңғайсыз екен”, – деп сынады желідегілер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі