Аяулы анама сағыныш

 Аяулы анама сағыныш

Балғын тәтті тілегіңменен
Алға басып, ілгері келем
Күннің нұрлы ай сәулесінен
Өткен күннің іздерін көрем
Құшағыңды сағындым, ана
Жұбатады жанымды сан ән
Қасиетім, қорғаның ең маған
Әніммен де табынам саған
Бөбегіңнің құрып ұйқысын,
Құшағыңа ап, күнім дейтінсің.
Ертеңімді әрдайым ойлап,
Арман болсын балам дейтінсің.
Сұрағым көп өмірге мынау
Жанымда мұң, көңілде қырау
Бақыт нәрін сезген сәттерде
Қуат берген сенің демің-ау,- жан ана……аяулы ана, ардақты ана, бұл өмірде сенен жақын, сенен қымбат кім бар екен? Жүзінен мейрімділік пен жылылық төгілген, адамзатқа өмір сыйлаушы, перзентіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқаушы асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
Анамыз Салтанат Тоқмырзақызы 1923 жылы бұрынғы Гурьев облысы
( Атырау) Еспол, қазіргі Индер ауданында Қаратоқай руынан шыққан Тоқмырза ақсақал мен Әуес ананың шаңырағында дүниеге келген үш перзенттің бірі. Анасынан жастайынан жетім қалып, әкесінің тәрбиесінде өскен.
Анамыз — балалық шағы сұрапыл соғыс өртіне шарпылып, мезгілінен ерте есейген, жетімдік пен жоқшылықтың зардабын тартып өскен ұрпақтың өкілі. Балалықпен ерте хош айтысып, ересек өмірдің дәмін ертерек татып, еңбекке ерте қосылды. Кішкентайынан елгезек, тілалғыш бүлдіршіндей қыздың қиындық пен ауыртпалыққа қарсы тұрған өр мінезі, еңбекқорлығы, қайсарлығы мен қайраттылығы ауылдастары арасында аңызға айналған болатын.
Соғыстан кейін Адай руынан шыққан Омаров Байбақты атты азаматпен көңілдері жарасып, шаңырақ көтерді. Өмірге үш ұл, үш қыз әкеліп, сүйікті жар, аяулы ана атанды. Шаңырағымыздың бәйтерегі әкеміз Байбақты 1902 жылы Маңғыстау өңірінде дүниеге келген. Соғыс ардагері. Ел басына қатер төнгенде қолына қару алып, Отан қорғауға аттанған әкеміз 1945 жылы Берлин түбінде жарақаттанып, елге оралады. Бас командашы И.В.Сталиннің қолынан алған марапаттарына қарап, соғыс өтінде өткен жастық шағын есіне алып отырушы еді. Өзінің ғибратты еңбекқорлығымен, табанды істерімен, кісілік келбетімен, айнымас сертімен, сыпайы мінезімен, әсерлі сөздерімен, сабырлы да салмақты мінезімен, адам баласына жамандық ойламайтын адалдығымен, бала – шағасына деген мейірімі мол балажандығымен танылған Байбақты Омарұлы ерекше ел ықыласына бөленген жан еді. Қайран, өмір! Адамдықтың ақ туын әркез биік ұстап, адалдықтан нәр алған, жарына адал дос, ұрпағына саялы бәйтеректей болған азамат Байбақты Омарұлының бұл дүниеден өткеніне 44жыл толса, азаматын пір тұтқан, балаларын жыр тұтқан, ағайындықты, туған – туыстықты ту етіп, адалдықтың жыршысындай болған анамыз Салтанат Тоқмырзақызының бұл дүниеден өткеніне міне, биыл 10 жыл толды.
Жастайынан өмірдің құндылықтарын бойына сіңіріп өскен анамыз Салтанат еш қиындықтан қорықпайтын. Қандай жұмыс болса да тартынбай, аянбай аяғына жеткізетін. Үлкенге қызмет, кішіге ізет көрсетуге дайын тұратын анамыз өтірік — өсектен алыс болды, біреудің ала жібін аттамай өмір сүрді.
Анамыз Салтанат ақ отаудың түтінін түзу түтетіп, ері түзде жүргенде, тілекші, үйге келгенде кеңесші болуға жарайтын жан еді.

Бүкіл әулетін пір тұтып, сыйлады. Келінге тән ибалықтың үлгісі болды. Ағайын – туыс арасында беделді, сыйлы болды.
Әкеміз екеуі ұрпағын ұлттық рухта тәрбиелеп, бала тәрбиесіне үлкен ден қойды. Балаларын адал болуға, адамдық қасиеттерді бәрінен де жоғары қоюға, аянбай еңбек етуге жетеледі. Тәрбие бастауы халықта, қазақтың өсиет – өнегесінде дейтін. Әке берген тәрбие, ана берген мейірім ұштасып, балалары жақсы азамат болып өсті.

Қызын ұядан ұшырып, ұлын адал азамат етіп, шаңырағының иесі атандырды. Тағдырдың сынағы әлі алда екенін ана жүрегі сезбей қалды. 1988 жылдың жазында перзенті Қонысбайдан қапыда айырылып қалды. Небәрі 38 жыл өмір сүріп, енді ғана өмірдің қызығын қызықтап, жар сүйіп, өмірге перзент әкеліп, әке атанған шағында ана жүрегін қансырата тілгілеп, көкірегін жаншып, қайғының қан құстырар мұңына орап бұл өмірден кете барды. Ана жүрегіндегі бұл қайғы өмір бойы жазылған жоқ.
Алла – тағаланың адам баласына берген өмірінің қызығы мен қиындығы, жақсылығы мен жамандығы, жеңілдігі мен ауыртпалығы қатар жүреді дейтіні осы да. Көп қиындықтарды басынан кешірген жан анамыз, мүжілмей, еңсесі түсіп езілмей, денесін тік ұстап, қайсарлығы мен қайраттылығын ұрпағына үлгі етіп, өмір сүрді. Анамыздың замандас құрдастары: «Салтанат әйел затынан емес, ол ер – азамат қой» деп бекер айтпаса керек. Осы бір ауыз сөздің өзі анамыздың қандай адам болғанын дәлелдегендей. Тіршіліктің бар тауқыметін қабырғасы қайыспай көтере білгені, ұрпағы үшін жан аямай қызмет еткені, жұмыр басқа түскен қиындықты қасқайып тұрып қарсы алып, жеңе білгені ұрпағына өнеге болары сөзсіз, әрине.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет деген мақалды жадында берік ұстанған абзал ана жанындағы адамдармен тез тіл табысатын, үлкенмен үлкенше, жаспен жастарша сөйлесетін, көпшіл мінезімен елге ардақты, ортасына құрметті адам болды.
Ең бірінші татулық, бірлік болу керек, бұл екі қасиет бар жерде барлық нәрсеге қол жеткізуге болды деп отыратын. Мен байлық жинаған жоқпын, атаққа таласқан жоқпын, менің бар байлығым балаларым, ұрпағым ,- дейтін.
Өмірінің соңғы жылдарына дейін ағайын – туысқа, бала – шағасына ақылын айтып, тілегін тілеп отыратын. Бар күш – жігерін жинап, немере, шөберелерін, жиендерін тәрбиелеп, өсіруге көмектесті.
Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін, — деп анамыздың ортамызда жоқ екенін әлі де мойындамай келеміз. Анамыздың байсалды да байыпты тұлғасы, күлімдеген келбеті, әсерлі де, әдемі әңгімесі, мейірімге толы жанары, өмірдегі ең жұмсақ алақаны, айдын шалқар ақылы, кең жайлаудай кешірімшіл мінезі бәрі – бәрі есімізге сан оралып, анамызға деген сағыныш оты жүрегіміздің түбінде маздап жанып, көкірегімізге мұң ұялап, көңіліміз босап, жанарымыз еріксіз жасқа толады.
Анамыздың беделді, абыройлы, еліне сыйлы болғанын ауыл азаматтарының әңгімесінен естіген сайын, көкірегімізді мақтаныш керіп тұрады.
Сары алтынның тұнбасындай қазақ әйеліне тән бар асыл қасиетті бойына жинап, тере білген абыз ойлы, шешен тілді, жүзінен сәуле шашқан байыпты да, байсалды ананың ошағы ешқашан сөнбейді, асыл бейнесі ұрпағының, ағайын – туысының, халқының жүрегінде мәңгі сақталар.
Жан анам, аяулы анам, ардақты анам
Сағынып, іздеп жүр ғой бала — шағаң
10 жыл толды, міне, бүгін жоқтығыңды
Мойындамай келеміз жаным анам
Жан анам, болмаған соң арамызда
Кім біздің ем табады жарамызға.
Өнеге, өсиетің парасатты
Өшпестей сақтаулы тұр санамызда
Қастерлейміз бейнеңді ұмытпаймыз
Жамандықты ешқашан жуытпаймыз
Сізге деген ып-ыстық жүрек отын
Тірі жүрсек бір сәтке суытпаймыз.
Жан едің ақ жүректі жаратылған
Анашым, айналайын, ақтаңгерім
Бақұл бол артта қалған жанұяңа
Жатқан жерің жарық, топырағың торқа болсын, ұрпағыңды жебеп – желеп жата көр, жан ана!

Танзиля Омарова


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: анама хат шығарма, ана туралы шығарма, Асыл ана казакша шыгарма, ана туралы шыгарма, ана туралы шығарма 4 5 6 7 8 9 сынып, ана туралы шығарма 1 2 3 4 сынып, сочинение на казахском языке про маму, готовые сочинения на казахском языке про маму, скачать сочинения на казахском языке мама, Қазақша шығарма: Асыл ана, Қазақша шығарма, сочинения на казахском языке, Қазақша шығарма: Асыл ана сочинения на казахском, ана туралы шыгарма қазақша, ана туралы шығарма қазақша, ана туралы шығармалар қазақша, сочинение на казахском языке про мою маму, скачать сочинения на казахском языке маму, жан ана казакша шыгарма, Қазақша шығарма: Менің аяулым анам, Ардақты анашым, Қазақша шығарма: Ардақты анашым, ана туралы шыгарма казакша, ана туралы шыгарма жоспарымен, сочинение на казахском языке моя мама