Зейнетақы қорындағы 15 миллиард теңге ақыры келмеске кетті

Зейнетақы қорындағы 15 миллиард теңге ақыры келмеске кетті

Жұрттың кәрілікке деп жиған осынша қаржысы инвестицияланған 5 компания тақырға отырған. Бүгін қор басшылары банкротқа ұшыраған кәсіпорындардағы ақшаның кері қайтпайтынын ашық айтты деп хабарлайды NUR.KZ, КТК арнасына сілтеме жасап.

Тіпті бұдан бөлек тағы 25 миллиард теңгенің де тағдыры қыл үстінде тұр. Оны қайтаруға тиіс 16 дефолттық компанияны зейнетақы қоры сотқа берген. Ал Әзірбайжан банкіне аударылған 71 миллиард теңгеге қатысты екіжақты келісім алдағы айда аяқталмақшы.

Талан-таражға түскен 5 миллиард, Әзірбайжан банкіне құйылған 71 миллиард, істі болып жатқан қор басшылары. Мұның бәрі тұрғындардың еліміздегі зейнетақы жүйесіне деген сеніміне селкеу түсіргені анық. Бірақ қор басшылары олай ойламайды.

Бүгін жарты жылға қорытынды жасаған олар соңғы уақытта жұрттың жиі сұрақ қойып, бөлімшелерге келгіштеп кеткенін мойындады. Бірақ бұл сенімсіздік емес, қор жұмысына қызығушылықтан дейді мамандар. Әрі мекеменің басынан дау арылмай жатса да, жетістік жетерлік екен.

Мәселен, қазір қордағы ақша 7 триллион 140 миллиард теңгеге жеткен. Яғни жарты жылда 450 миллиардқа көбейіп отыр. Сәйкесінше, жаңадан ашылған жеке шоттардың да саны артқан. Бірақ қор басшылары жинақтың көбеюіне әр шотқа құйылатын қаржының орташа есебі себеп дейді. Былтыр бұл бұл көрсеткіш 9600 теңге болса, биыл 11600 теңгеге жеткен.

Ал, жарты жылдағы таза инвестициялық табыс 206 миллиард теңгеге жуықтапты. Бірақ проблемалық активтерге келгенде жағдай мәз болмай тұр.

21 дефолттық компания жұрттың айлығынан жырып беріп отырған ақшасын қорға қайтаруға асығар емес. Қазір бұл кәсіпорындар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 40 миллиард теңге қарыз. Оның 15 миллиардынан қор басшыларының өзі үміт үзген.

Ал қалған компаниялардағы миллиардтарды сот арқылы қайтарып алмақ. Бұл проблемалық активтер жеке зейнетақы қорларынан мұра ретінде қалған. Тақырға отырған Әзірбайжан банкіндегі 71 миллиард та әзір қайтпайды. Бұл елдің билігі берешекті мойнына алғанымен, оны өтеу мерзімі 2032 жылға дейін созылмақ. Ал қарыздың құрылымын қайта қарау қыркүйекте аяқталады.

Мамырдан бастап зейнетақы қорының 300-дей қызметкері қысқартылған. Қазір елде оның 231 бөлімшесі бар. Алдағы уақытта саны тағы азайтылмақ.

Өйткені, енді жеке зейнетақы шотын үйден шықпай-ақ ашуға болады. Қор осы сияқты жаңа онлайн қызметтерді көптеп енгізіп жатыр. Әрі қазір барынша ашық болуға тырысуда. Тұрғындарды қор жұмысымен таныстыру үшін де түрлі жұмыстар атқарылып жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!