Ұялы телефонның сіз білмейтін пайдалы тұстары

Ұялы телефонның сіз білмейтін пайдалы тұстары

Ұялы телефон тек қана байланыс құралы емес. Заманауи смартфондардың біз білмейтін мүмкіндіктері көп. Бүгін солардың сырын ашпақпыз.

Телефон-микроскоп

Сіздің смартфонды микроскопқа айналдыру үшін камера объективіне бір тамшы суды тамызудың өзі жеткілікті. Су тамшысы үлкейткіш линзаның қызметін атақара алады. Кез келген өрмекші мен жәндіктердің макротүсірілімін осылайша жүзеге асыра аласыз. Бұл суреттер кәсіби фотографтың еңбегінен кем бола қоймас.

Ұялы телефонның сіз білмейтін пайдалы тұстары

Қолдың көмегінсіз селфи түсіру


Селфиді қолдың көмегінсіз-ақ түсіруге болады. Ол үшін қарапайым құлаққапты телефоныңызға қосып, өзіңізге ыңғайлап қойып аласыз. Сосын құлаққаптың дыбысреттегішін басу арқылы қалаған суретіңізді селфиге түсіре аласыз.



Су астындағы түсірілім

Су астында түсірілген фильмдерді таңғалып тамашалайтынымыз рас. Алайда, қазіргі технологияның арқасында мұндай түсірілімді телефон арқылы өзіңіз де түсіре аласыз. Ол үшін zip lock бекітпесі бар арнайы пакет пен скотч қана керек. Бұл заттарды арзан бағада сатып алуға болады.

[media=https://youtu.be/YhnI5kfNtMU]

Ұйқы реттегіш және “ақылды оятқыш”

Ұйқы уақытын реттеп, өзіңізді сергек сезіну үшін арнайы фитнес-білезік сатып алудың қажеті жоқ. Қазіргі смартфондардың көпшілігінде ұйқы фазасы мен уақытын анықтайтын акселерометрі бар. Ұялы телефоныңызға “ақылды оятқыш” немесе ұйқыға арналған басқа бағдарламаны жүктеп алу арқылы ұйқыңызды бақылауда ұстай аласыз.



Түнгі шам

Бүгінде жарықтың сөніп қалуы өте сирек кездеседі. Алайда, қызық үшін немесе қажеттілік жағдайында смартфоныңыздан жарық беретін шам жасай аласыз. Ол үшін сізге су толтырылған ыдыс қажет. Пластикалық бөтелкені суға толтырып, астынан телефонның қосымша жарығын (вспышка) жақсаңыз, айналаны жарықтандыратын шамға айналады.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!