Желсіз түнде жарық ай - Абай Құнанбаев

Желсіз түнде жарық ай - Абай Құнанбаев

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?

Іздеп көріңіз:
127 -67

Добавить комментарий

Комментариев 7

  1. Офлайн
    ZHARAR
    ZHARAR 20 ноября 2019 12:47
    0 + 0 -
    Желсіз түнде жарық ай әні
  2. Офлайн
    Дана
    Дана 28 марта 2018 12:25
    1 + 0 -
    Бұл өлеңді Абай Құнанбаев өзі жазған, Лермонтов не причем !
  3. Офлайн
    Гулдана Искакова
    Гулдана Искакова 25 ноября 2015 16:45
    1 + 0 -
    маған абай атамыздын өлеңдері қатты ұнайды
  4. Офлайн
    Ainura Rustem
    Ainura Rustem 13 февраля 2015 16:24
    0 + 2 -
    Маған Абай Құнабаевтың өлеңдері және оның аудармалары, әсіресе осы Лермонтовтан аударған Желсіз түнде жарық ай өлеңі өте ұнайды. Өзі жазған өлеңдері қандай күшті, өміріміздің айнасындай. Ал осындай тамаша аудармаларында оригиналдың терең ойы, мағынасы сақтап қойылған. Бұл өлеңдер біздің заманымызда да көп адамдарды қызықтырады, олар бізге мектеп секілді көптеген кеңес пен өмір сабақтарын береді деп ойлаймын. Бірақ Абайдың қара сөздері менің ойымша бүгінгі күнде актуалды емес. Өйткені олардың мазмұнын біз бәріміз бала кезімізден білеміз және өмірдің жақсысын мен жаманын, қарасын мен ағын ажырата аламыз.
  5. Офлайн
    Жансель
    Жансель 24 октября 2020 15:20
    1 + 0 -
    Өлең күшті және әдемі
  6. Офлайн
    Айкын
    Айкын 19 октября 2020 20:57
    1 + 0 -
    Кушти рахмет мен бурсигуни кокруска катысам соган осы оленди тандадым тагы да рахмет
  7. Офлайн
    Айкын
    Айкын 19 октября 2020 20:56
    2 + 0 -
    Дауитхан