Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева ел алдына шықты (фото)

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева ел алдына шықты (фото)

Биыл Алматыда орналасқан «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығының ашылғанына 20 жыл толды. Табысты еңбек етіп келе жатқан білім беретін орданы мерейтоймен құттықтауға «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева арнайы келді деп хабарлайды NUR.KZ, Алматы арнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ мерейтой аясында 5-ші республикалық кеңес кезінде рухани-адамгершілік даму мәселелерінің қоғамдық форумы өтті. Форум аясында Сара Назарбаева «Өзін-өзі тану» пәнін жоғарғы оқу орындарына да енгізгісі келетінін айтты.

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева ел алдына шықты (фото)

«Қазақстанда «Өзін-өзі тану» бағдарламасының сәтті жүзеге асып келе жатқанына 20 жылға жуықтады. Адамның қолынан келмейтін дүние жоқ. Жалпы бұл бағдарлама арқылы жастардың адамгершілігі мол, рухани тұрғыда таза болуы үшін жасалды. Осы арқылы адамның бойындағы ең жақсы, жарқын және таза қасиетті молайтуды көздейміз. Қадамымыз сәтті жүзеге асып жатыр. Орталық соның айқын көрінісі», - дейді «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Назарбаева.

Қазір көп салалы «Бөбек» ұлттық орталығында «Өзін-өзі тану» балалар бақшасы, «Өзін-өзі тану» гимназиясы, «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжі және обсерватория бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!