Еліміздегі бай-бағландардың қыздары мен әйелдері қалай көңіл көтереді? (фото)

Еліміздегі бай-бағландардың қыздары мен әйелдері қалай көңіл көтереді? (фото)

Қарапайым халық пен бай-бағландардың көңіл көтеруі екі түрлі. Күйбең тіршілік деп жүріп кейде демалудан да құр қалатын халық әр күні ойын-сауыққа айналған бай-бағландардың өміріне қызыға қарайды. Әсіресе, олардың үлде мен бүлдеге оранған қыздары мен әйелдері "ақсүйектер" жиынына ғана барып, өзіндік ортада ғана көңіл көтереді.

NUR.KZ порталы еліміздің белді тұлғаларының қыздары мен жарлары қалмайтын жиын-тойлардан үзінді келтіреді.

Олар еліміздегі ең беделді әрі ең қымбат жиындарда бой көрсетеді. Батыс ертегілері мен кітаптарындағы "ақсүйектер ортасы" бізде де бар.


Сәнді бутиктер, әлемдік брендтер, ең қымбат зергерлік бұйымдар қайда болса, олар сонда. Оларсыз ешқандай маңызды дүкендердің ашылулары өтпейді. Себебі, олар сән әлемінің марқасқалары.

Еліміздегі бай-бағландардың қыздары мен әйелдері қалай көңіл көтереді? (фото)

Олардың киімдері бірінен-бірі өтеді. Ал таққан зергерлік бұйымдары көздің жауын алады. Тек әдемілігімен, құндылығымен ғана емес, сонымен бірге елде жоқ ерекшелігімен.



Әлемге аты әйгілі фэшн-дизайнерлер де олардың жанынан айналшықтап шықпайды. Себебі, олардың негізгі күнкөріс көзі - бай-бағландардың жарлары мен қыздары.



Бұл Ахметжан Есімовтың екі қызы. Олар мұндай "ақсүйектер" жиналатын жиынның белді қонақтары. Ғалия мен Айжан кез келген жиында қарапайым ғана киінгенді жөн көреді.



Болат Әбіловтың қызы Жәмиля да мұндай кештерден қалуды жөн көрмейді. Рахат Тұрлыхановтың жан-жары Жәмиля ерте тұрмысқа шықса да, көңілді кештердің құтты қонағы саналады.



Ақын Олжас Сүлейменовтың қызы Мәдина Сүлейменова мінсіз мүсінін ел назарында ұстағанды жөн көреді. Қысқа белдемшелер, кеудесі ашық көйлектер, арты ашық киім - бұл Мәдинаның стилі.



Қазақстандағы ең бай адамдардың тізіміне кіретін Райымбек Батталовтың жары - Ленара Батталова да Мәдина Сүлейменовадан қалысар емес. Ол өзінің мүсінін елден жасырмайды.



Мұндай "ақсүйектер" кешін ұйымдастырушы Бейбіт Әлібеков - депутат Гүлжан Қарақұсованың күйеу баласы. Ол депутаттың Данна есімді қызына үйленген.




Алты баланың анасы Виктория Момынбаева да мұндай кештерден қалмайды.



Мұндай бай-бағландардың қыздар мен әйелдерінің арасында актриса Әсел Сағатова не істеп жүр деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Дегенмен, Әсел Сағатова Қазақстанның бұрынғы экология министрі Камалтин Мұхамеджановтың ортаңғы ұлы Радийдің жары екенін біреу білсе, біреу білмес. Сондықтан оның мұндай кештерде жүруі заңды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі