Бұрымы 1,5 метрден асатын қарағандылық ару шаш өсірудің сырымен бөлісті

Бұрымы 1,5 метрден асатын қарағандылық ару шаш өсірудің сырымен бөлісті

Заман талабы деп ұзын шашты қылтитып кесіп, басқа түске бояп, сәнге ілескеніміз рас. Алайда, ұзындығы тілерсектен соғатын бұрымды қыздарды көргенде әттеген-ай деп қалатынымыз жасырын емес. baq.kz агенттігінің Қарағандыдағы меншікті тілшісі өңірдегі шашы ұзын аруды тауып, шаш өсірудің құпиясын сұрап білген еді.

Қазақ халқы әйелдердің ұзын шашын ерекше бағалаған, сондықтан да қазақ қызы шашын өсіріп, бұрым қойған. Шолпы тағылған сұлу қос бұрым - нәзік жандылардың көркін одан әрі еселей түсетін құндылықтардың бірі. Сондай бұрымды келіншектің бірі - Әсем Жанжолқызы. Қарағандының Жаңарқа ауданы, Атасу ауылында тұратын келіншек ұзын шашты өсіру мен оны күтіп-баптаудың сырымен бөліскен еді.

«Шашымды ес білгелі өсіріп келемін. Анамның да шашы ұзын. Ұзын шаш отбасылық үрдіс десем де болады. Тұрмыс құрғаннан кейін де жұбайым шашымды кеспеуімді өтінді. Алайда, тұңғышымды өмірге әкелгеннен кейін шашым қатты түсіп, жұқарып бара жатқандықтан 20-30 сантиметрге қидым. Егер сол уақытта қимағанда бұдан да ұзын болар ма еді. Жалпы ұзын шашты өсірудің, оны күтіп-баптаудың өзіндік сыры болады. Шашымды аптасына екі рет бұлақтың суымен жуамын. Ауылда тұрғандықтан бұлақтың суын табу қиындық тудырмайды. Сондай-ақ, дала шөптерінен жасалған арнайы тұнбамен шаштың түбін майлаймын. Бұл шаштардың қатаюына, жылтырап әдемі көрінуіне таптырмас құрал. Жылына бір рет ұшталған ұштарынан қиып отырамын. Бұл шаштың бұзылмай, дұрыс өсуіне септігін тигізеді», - дейді қолаң шаш иесі.

Бұрымы 1,5 метрден асатын қарағандылық ару шаш өсірудің сырымен бөлісті

Шашының ұзындығы 1,5 метрден асатын бұрымды келіншек ұзын шаштың артықшылығы оның әдемілігінде дейді. Дегенменде, қолаң шаштың өзіндік кемшіліктері бар екендігін де жасырмайды.

«Қолаң шаш әрбір қыздың көркіне көрік қосып, оның топтың арасында дараланып тұруына себеп болады. Алайда, ұзын шаштың кері жақтары да бар. Біріншіден, шаш өсіп, ұзарған сайын оның салмағы да көбейе береді. Шаштың салмағының ауырлығынан басым төмен тартып, ауырады. Екіншіден, шашымды жайып жіберетін болсам көпшіліктің көзі бірден түсіп, ауырып қаламын. Сондықтан да, адам көп жиналған жерлерге шыққанда шашымды жинап немесе өріп қоямын», - дейді Әсем.

Қолаң шаш иесінің айтқанының жаны бар секілді. Қазақтар қыз баланың шашына ерекше мән бере отырып, ұзын шашты жайып жүрмеуді қадағалаған. «Шаштың арасына шайтан жиналады» деп шашты жаюға тыйым салған. Оның тағы бір себебіне ер кісі қайтыс болған уақытта әйелдер шашын жайып жіберіп жоқтау айтатын болған. Шашыңды қима, жайма, отқа, жерге тастама деген тыйымдар осыдан қалса керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍