Ұстаз

 Ұстаз

Ыбраи Сымбат
8 сынып, Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия
Жетекшісі: Қожаниязова З.

Жер бетінде мыңдаған мамандықтар бар. Солардың ішінде ұстаздықтың жөні бөлек. Менің ойымша ең қиын да, күрделі мамандықтардың бірі де - осы. Өйткені, қай м амандықтың иесі болмасын бәрі де өз ұстаздарынан үйреніп білім алады. Бізге ой-сана, тәлім-тәрбие, өнер- білім беретін ұстаздар қауымына құрметпен қарауымыз керек.

Қазақ даласында алғаш ұстаз атанған ол - Ыбырай Алтынсарин. Ол барлық балаларды «Кел, балалар оқылық!»,- деп оқуға, білім алуға шақырды.

Осы бір өлең жолдары қазіргі кезде көптеген мектептің маңдайшаларында ілулі.

Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде қолымызға қалам ұстатып, әріптерді оқып, сандарды санап, оларды жазуға үйрететін, әр-түрлі өлең жолдарын жаттататын осы аяулы да, ардақты ұстаздарымыз. Осы ұстаздарымыздың арқасында біз жыл сайын сыныптан сыныпқа көшеміз. Әр сыныпта жаңа пәндер , оқулықтар қосылады, жаңа ұстаздармен танысамыз, білімге білім қосамыз. Мына бір өлең жолдарында айтылғандай:

Мектебің, мынау класың!
Осында он жыл тұрасың .
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың!

Әрбір оқушы алғаш табалдырығын аттаған мектептерімен 11-сыныпта қимай қоштасады. Мектеп бітіруші түлек болғаннан кейін арман қуып өздері қалаған мамандықтарына жоғары оқу орындарына түседі. Біздің болашақта қандай тұлға болып қалыптасуымызға осы ұстаздарымыздың бізге берер үлесі зор. Ұстаздардың еңбектерін айтып жеткізу мүмкін емес. Білімді, тәрбиелі, ел болашағын ойлайтын саналы ұрпаққа тәрбие беретін ұстаздарға мың алғыс!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!