Патриот болу – әрбір қазақтың парызы

 Патриот болу – әрбір қазақтың парызы

Керімқұлова Томирис
9 сынып, №131 мектеп-лицей

Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді.Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік.

Аумалы-төкпелі аласапыран заманда, арпалысып арпалысып өткен адамзат ғұмырында ұйыса, қанаттаса жүрген халықтардың Жер-Анадан қоныс тауып, құт мекенге айналдырған шекаралы, шекті аймағы қалыптасқаны мәлім. Бірінікі шөлді болар, бірінікі көлді болар, бірінікі нулы боларғ бірінікі сулы болар, әйтеуір кіндік кесіп кір жуған жер әр адамда болатыны ақиқат қой. Менің де ата жұрт, атамекенім бар.

Ол – Қазақстан. Ұлан-байтақ, ұшы-қиыры жоқ неткен байтақ ел едің сен! Сенің айдын шалқар көлдерің мен мөлдір бастау қайнарларыңнан сарқырай аққан тасқынды өзендеріңнен, алып тауларың мен жасыл желек жамылған сыңсыған орман-тоғайларыңнан, ұлан-ғайыр далаңның кеңдігінен мен бастау алған жоқ па ем?!
Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата-бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттерін көргенде қалайша толқымассың?! Дана бабаларымыздың ең асыл армандарының бірі – туған жерден топырақ бұйыртса деп, тағдырынан егіле, езіле тілейтін аңсарында қандай ғажайып бір астар бар екенін есіме еріксіз түсірем.

Туған Отан сезімі сана төріне сан түрлі ой, толғам толқынын әкеледі. Көз қуанышы, көңіл шуағы етіп жаратқан жер жанатты Жетісу мен көгілдір Көкше, Баянауыл мен Қарқаралы, Алтай мен Атырау, Сарыарқа сынды алып аймақты бауырына басып, Сыры Мен Ілесін, Шуы мен Жайығын, Ертісі мен Есілін ағызған алып қазақ даласы – ер жүрек ата-бабаларымыздың бізге аманат етіп тастаған ұлы Отаны. Қазақтың танымал ақыны Қ. Аманжолов:

Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы алғаш көріп қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман, -

деп, Отанға деген жүрек тебіренісін жырға қосып жеткізген екен. Осы қасиетті Отаным – бағзы замандардан бері менің атамекенім, бүгінгі біздің, кешегі бабаларымыздың құт мекені. Сонымен бірге бесіктен бастап аялы алақанына салып, ер жетіп есейгенде, біздің азаматтығымызға баға беретін ұлы анамыз.
«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы осы Отан үшін не көрмеді, не істемеді? Елін , жерін қоғау үшін кескілескен соғыстар жүргізді, одан кейінгі ұрпақ қорлық пен зорлықтың сан түрін көріп «елім, Отаным» дегені үшін атылып, түрмеге қамалып, қуғын көрді. Тәуелсіздікті көру бір арман болып, іш құсамен өмірден өткендері қаншама! Осының барлығы не үшін еді? Әрине, Отан үшін. Сонша ғасырлар бойы ата -бабаларымыздың арманы болған Отанды қорғай алмасақ, сүйегімізге қара таңба болмай ма? Сонша тағдырларды жұтқан, құрбан еткен тәуелсіздікті, Отанды қорғау – Абылай хан, Кенесарыдан бастап, Әлихан, Ахмет, Мұстафалар бастаған тұлғаларымыздың алдындағы, қазақ халқының алдындағы перзенттік парызымыз.

Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем,
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсең де көресіні азаппенен,-

деп А. Жүсіпұлы жырлағандай, жанқиярлық пен табанды күресінің арқасында ата-бабаларымыз өзінің бірлік, берекесін сақтап қалған.

Мен осы «қазақ » деген ұлттың бір перзентімін. Мен үшін бұл сөздің өзі – үлкен қуаныш. Мен өз халқымды, Отанымды мақтан етемін. Төле, Қазыбек, Әйтекедей билері бар, Қабанбай, Қарасай, Райымбектердей батыры бар, Абылайдай ханы бар, Сырым, Исатай, Махамбеттей өр ұлдары бар, Абайдай данасы, Шоқандай баласы бар елдің ұрпағы болғанымды мақтан етемін.
Мен отансүйгіштік қасиетті осы даладан үйрендім, даналардан ұғындым. Менің ойымша, отандық патриотизм – елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну, туып-өскен жерін қадірлеу, ана тілін меңгеріп , оған құрметпен қарау, өз Отанының мүддесін ойлау, туған жеріне деген адал, азаматтық

сезімдер, еліңнің гүлденуі үшін еңбек ету деп есептеймін.

Ендеше Елбасының: - Алдағы уақытта елді басқаратын жастар сауатты ғана емес, сондай-ақ нағыз патриоттар болуы керек, - деген сөзі кез келген жастың қолына ұстаған шамшырағы іспеттес.

Мен Алматы қаласындағы Б. Момышұлы атындағы мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысымын. Мектептің кіре берісіндегі Бауыржан атамның мүсінін көргенде Отанға деген сүйіспеншілігі туралы айтқан дана сөздері еске оралады. «Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну,- дейді батыр атам. «Намысты нанға сатпа», «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық», «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді. Өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» тағы басқа мақал-мәтелге айналған афоризм сөздерін біз күнде естиміз, жадымызда сақтауға тырысамыз. Менен: Патриотизм деген не? Патриот кім?- деп сұраса, мен: Бауыржан атам,- деп жауап берер едім. Себебі, патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет.

«Патриот болу – өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету,-дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев – Бірақ өзіңнің тарихыңды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей нағыз патриот бола алмайсың»,-дейді. Осылайша мемлекет басшысы патриоттық сезімді ең әуелі жастардың бойында қалыптастыру қажеттігін үнемі алға тартып отырады.
Мен де болашақта журналист мамандығын қалап, елімнің болашағы үшін «бір кірпіш болып» қаланғым келеді. Егеменді елімнің болашағын биік белестерге апаратын азамат боламын деп талпынамын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: мен патриотпын шығарма, мен өз отанымның патриотымын эссе, мен қазақ елінің патриотымын шығарма, патриот туралы шығарма, патриотизм туралы шыгарма, сочинение на казахском языке о патриотизме, патриоттық шығарма, патриоттык шыгармалар, патриот, шыгарма, шығарма, сочинение на казахском языке, о патриотизме, сочинение, на казахском языке, мен патриотпын, мен, патриотпын, елім деп соғар жүрегім шығарма, елім деп соғар жүрегім эссе жазу, елим деп согар журегим шыгарма, мен қазақстан патриотымын шығарма, мен қазақстанның патриотымын эссе, мен қазақстанның патриотымын реферат, мен казакстан патриотымын шыгарма, мен елімнің патриотымын шығарма, мен елимнин патриотымын шыгарма, мен патриотпын шығарма жоспар, мен өз отанымның патриотымын эссе жоспар, мен қазақ елінің патриотымын шығарма жоспар, патриот туралы шығарма жоспар, патриотизм туралы шыгарма жоспар, сочинение на казахском языке о патриотизме жоспар, патриоттық шығарма жоспар, патриоттык шыгармалар жоспар, патриот жоспар, шыгарма жоспар, шығарма жоспар, сочинение на казахском языке жоспар, о патриотизме жоспар, сочинение жоспар, на казахском языке жоспар, мен патриотпын жоспар, мен жоспар, патриотпын жоспар, елім деп соғар жүрегім шығарма жоспар, елім деп соғар жүрегім эссе жазу жоспар, елим деп согар журегим шыгарма жоспар, мен қазақстан патриотымын шығарма жоспар, мен қазақстанның патриотымын эссе жоспар, мен қазақстанның патриотымын реферат жоспар