91 тобын сынап тастаған сегіз жасар бала көпшілікті таңырқатты

91 тобын сынап тастаған сегіз жасар бала көпшілікті таңырқатты

Отандық бағдарламалардың біріне келіп, өзіне мағынасы бар әндер ұнайтынын айтқан сегіз жасар бала "Ninety one" тобын сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жүргізушінің "Ninety one" деген топты тыңдайсың ба?" деген сұрағына жауап берген балақайдың сөздері жұртты таңғалдырған.

"Жоқ, тыңдамаймын. Олардың мәні жоқ. Еркек бола тұра, қыз сияқты. Мысалыға құлағына сырға тағады. Бір жерде қыз сияқты майысып отырады. Жыным келеді. Ер адам шыдамды, салмақты болуы керек", - дейді ол.


Айта кетейік, осы видео әлеуметтік желіге таралып кеткен бойда оқырмандар да түрлі пікір білдіріп үлгерген.

"Ер мінезді ұлдарымыз аман болсын", "Міне таза қазақтың намысты баласы өсіп келеді".

"Жаттатып қойған сияқты ғой бәрін", "Кішкентай бала осындай сөздерді өздігімен айта алады ма", - деп желі қолданушылары өз таңданыстарын білдірген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!