Баубек Ералыұлы Бердіжар (Қызылорда)
Уа, менің киелі мекенім,
Киелі ақ ордам.
Жұлдызбен таласқан шахар ең,
Үмітті ақтаған.
Қазақтың маңдайын майлаумен,
Тағдардан тағдырға.
Дәстүрдің қаймағын біздерге,
Тұп-тұнық сақтаған.
Бәрі де өзіңнен басталған,
Ұлы ой тым биік.
Қобыздай қоңыр үн жырларда,
Аралдай тұңғиық.
Кешегі ой жеткен,
Бүгінгі қол жетпес арманда.
Күрсінген тылсымың, бет-бейнең,
Жанарда тұр ұйып.
Ол менің жадыма мұра боп,
Кірпіштей қаланған.
Сия боп төгілген қағазға,
Тамшылап қаламнан.
Сендегі бейкүнә кеңшілік,
Жаныма дарыған.
Сендегі қоңыр мұң жыр болып,
Қаныма таралған.
Біреулер сезсе де құныңды,
Біреулер сезбейді.
Осыдан сан ойлар бұр жармай,
Мезгілсіз күздейді.
Ал сенің көктемің келіп тұр,
Өлең боп төсіне.
Тағы да дәуірің оралып,
Маңдайың гүлдейді.
Киелі ақ ордам.
Жұлдызбен таласқан шахар ең,
Үмітті ақтаған.
Қазақтың маңдайын майлаумен,
Тағдардан тағдырға.
Дәстүрдің қаймағын біздерге,
Тұп-тұнық сақтаған.
Бәрі де өзіңнен басталған,
Ұлы ой тым биік.
Қобыздай қоңыр үн жырларда,
Аралдай тұңғиық.
Кешегі ой жеткен,
Бүгінгі қол жетпес арманда.
Күрсінген тылсымың, бет-бейнең,
Жанарда тұр ұйып.
Ол менің жадыма мұра боп,
Кірпіштей қаланған.
Сия боп төгілген қағазға,
Тамшылап қаламнан.
Сендегі бейкүнә кеңшілік,
Жаныма дарыған.
Сендегі қоңыр мұң жыр болып,
Қаныма таралған.
Біреулер сезсе де құныңды,
Біреулер сезбейді.
Осыдан сан ойлар бұр жармай,
Мезгілсіз күздейді.
Ал сенің көктемің келіп тұр,
Өлең боп төсіне.
Тағы да дәуірің оралып,
Маңдайың гүлдейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі