Димаш Құдайбергеннің фанаттары әншінің сырқаттанып қалғанын мәлімдеді

Димаш Құдайбергеннің фанаттары әншінің сырқаттанып қалғанын мәлімдеді

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің фанаттары әншінің науқастанып қалғанын айтып, оған тезірек жазылып кетуіне тілектестік білдірді. Олар бұл туралы Instagram желісіндегі фан-парақшада айтты деп хабарлайды nur.kz.

Фанаттардың айтуынша, Димаштың тамағы ауырып қалған.

"Достар, Димаш 8-турдан 5-орын алды. Егер Димаштың тамағы ауырып, ол дауысын қарлықтырып алғанын есепке алсақ, бұл өте жақсы нәтиже. Ол нағыз әнші. Ауырып тұрғанына қарамастан ол ән айтып шықты", - деп жазды ол.

Димаш Құдайбергеннің фанаттары әншінің сырқаттанып қалғанын мәлімдеді

"Оған 2 рет екпе жасаған. Ән орындаған кезде де ауырып тұрғанын көруге болады. Тамағың ауырып тұрғанда, ән айтпақ түгілі, сөйлей де алмайсың. Нағыз батыр. Нешінші орын алғаны маңызды емес, оның денсаулығы маңызды.

Қайта-қайта әрі-бері ұшу, климат ауыстыру, ұйқысының қанбауы - осының барлығы денсаулыққа әсер етті. Димаш бұл қиындықты да жеңіп шығады. Біз оған сенеміз", - делінген Димаштың фан-клубында.

Алайда әнші өзінің жағдайы туралы ешқандай пікір қалдырған жоқ.

Еске салсақ, Димаш бүгінде аспан асты еліндегі "Singer-2017" байқауына қатысуда. Ол байқаудың екі турында жеңімпаз атанып, өнерімен Қытай елін сүйсіндірген болатын. Осыдан кейін-ақ оның атағы аспандап, қытайлар әншіні "Қазақтың қанаты" деп атап кетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі