ZHARAR | KZ | Кеңестер | Бизнеске және кәсіпкерге кеңестер | Миллиардер бай болғысы келетіндерге 10 құпиясын ашты

Миллиардер бай болғысы келетіндерге 10 құпиясын ашты

Миллиардер бай болғысы келетіндерге 10 құпиясын ашты
Карлос Слим Элу әлемдегі атақты миллиардерлер қатарына жатады. Ол байлығы асып-тасып жатса да, салауатты өмір салтын ұстанады. Мексика магнаты өзіне аптасына 24 мың доллардан артық ақша жұмсауға жол бермейді. Айтқан кеңестерінен керегін алып, қажетсізін тастаңыз.

Бірнәрсені ойыма алсам, оны орындап болғанша асығамын.

Ескі кәсіптер көнерген күйінде қалып қояды деп ойлайтындар қателеседі. Ол, керісінше, жаңа қарқындау дәуірінің бір бөлшегі болады.

Дағдарыс кезінде барлығы активтерден құтылуға тырысты, оны мен сатып алдым.

Уақытымның көп бөлігін жаңа технологияны игеруге жұмсаймын. Әлемде не болып жатқанын біліп, одан қалай ақша жасауға болатынын меңгеруім керек.

Кәсіп – чемпионат емес. Бәсекелесті басып озуды көздегенше, өз мүмкіндіктеріңізді арттыруды басты назарға алыңыз.

Байлық байлықты туғызуы керек. Түскен ақшаны инвестицияға салып, кірісті бөлудің себебі осы.

Кедейлік – өсуге арналған ең жақсы ұғым. Әлемді кедейліктен алып шығу – менің өмірлік инвестициям.

Жауапкершілік пен ымыраға келу – сәтті кәсіптің басты қарулары.

Менің көздегенім – ақша емес. Мен тату-тәтті ұжымның компаниясы алға басуын және таным көкжиегімді кеңейтуді қалаймын.

Егер өзгелердің пікіріне жаутаңдап жүрсеңіз, сіз – тірі өліксіз. Мен қалған өмірімді артымда қалған адамдар мен туралы не айтады екен деген уайыммен өткізгім келмейді.

Дайындаған: Әсел Асанова, Фото: ksi-finance.com, дереккөз

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Темирлан - Сегодня, 19:32
Геометрия (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Таптың ба тапсан жберш пж

Шұғайып - Сегодня, 19:13
Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған қазақ тілінен 1 тоқсанын ТЖБ ның жауап тары керек өтініш жіберініздерші

Инжу - Сегодня, 18:59
Қазақ тілі Т1 (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маган бундай емес жауабы керек 1 тосан ТЖБ 3 сынып

Нұртас - Сегодня, 18:58
Ағылшын тілі (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Тжб керек пж ағылшыннан

Гость Мейрамгуль - Сегодня, 18:42
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

сенде барма

Естай - Сегодня, 18:33
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Гость Гулназ - Сегодня, 18:05
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мәәә маған тжб керек 5 класс тән

Окллаткллсьв - Сегодня, 17:46
Ниет, пейіл, ықылас, ынта, іждағат, ілтипат

Осшлуьушашлусудщцщла Овщдуьлашс

Гость Айка - Сегодня, 17:43
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Гость Алма - Сегодня, 17:37
Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт