Баян Есентаева Алагөзовпен бірге күніне 25 мың доллар тұратын қонақүйде демалуда (фото)

Баян Есентаева Алагөзовпен бірге күніне 25 мың доллар тұратын қонақүйде демалуда (фото)

Жуырда Баян Есентаева сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовпен бірге Дубайға барып, қысқы демалысын өткізген болатын. Ол желідегі оқырмандарға Дубайда тоқтаған салтанатты қонақүйін көрсетті. Шейхтер, президенттер мен әлемнің ең танымал жұлдыздары демалатын қонақүй несімен ерекшеленеді?

Сәні мен салтанаты келіскен бұл қонақүй 2016 жылы ашылған. Palazzo Versace Дубай қонақүйлерінің ішіндегі ең бағалысы болып саналады. Бес жұлдызды қонақүй 19-ғасырдағы сәулет үлгісінде салынған.

Баян Есентаева Алагөзовпен бірге күніне 25 мың доллар тұратын қонақүйде демалуда (фото)

Ең әдемі қонақүйде 215 бөлме бар. Ал қонақүйдегі президенттік нөмірдің құны 25 мың доллар болса, қарапайым демалушылар тәулігіне 145-156 мың теңге төлеп демала алады.


Онда әлемдік деңгейдегі спа-орталық, айрықша мейрамханалар шоғырланған. Әрбір бөлмедегі жиһаз бен түрлі аксессуарлардың бүге-шүгесін Донателланың өзі ойластырған. Қонақүйдің әдемілігі әлемдегі ең сәнді қонақүйлерден асып түседі.


Қонақүйде Версаче сән үйінің әйгілі кутурьелері мен тігіншілері тұрады. Олар сән апталықтарын қонақүй меймандарымен бірге өткізеді.


Қонақүйдің әсемдігіне Баян Есентаева да таңдай қақты. Ол өзінің парақшасына бейнежазба қалдырып, онда бұл қонақүйдің президенттік нөмірінде бір тәулік түнеп шығу үшін 25 мың доллар төлеу керек екенін айтты.


Ал арнайы Баян ханым үшін жасалған мына таңғы асты ол "ертегідегідей" деп бағалады.









  • 0


Комментарии для сайта Cackle