«Kazsport» телеарнасы Алматыдағы Универсиаданың алау эстафетасын көрсетеді

«Kazsport» телеарнасы Алматыдағы Универсиаданың алау эстафетасын көрсетеді

2017 жылдың 25 қаңтар күні сағат: 21:45-те және 23:00-де «Kazsport» телеарнасы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алауының жағылуы мен эстафетасын «Универсиада-2017. Алау Эстафетасы. Күнделік» бағдарламасында көрсетеді.

«Қазақстан» ТРК» АҚ – Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ресми түрдегі ақпарат серіктесі. Телерадиокорпорацияның құрамына кіретін «Kazsport» республикалық спорттық телеарнасы Универсиаданың бас таратушысы және Универсиада Эстафета Алауының ресми таратушысы.

«Kazsport» телеарнасы Универсиадаға дайындық кезінен, Алаудың жағылу сәтінен хабар таратуды бастайды. Универсиаданың Алауы 25 қаңтар күні Назарбаев Университетінде (Астана қ.) жағылады.

Эстафета Алауы Қазақстанның облыс орталықтарындағы ірі ЖОО өтеді. Әр қалада өзінің алауы жағылып, Эстафета ұйымдастырылады.

Универсиада алауын алып жүру мәртебесі үздік спортшыларға, FISU өкілдеріне, үздік студенттерге тапсыралады. 100 алау ұстаушының әрқайсысы 200 метрдей жүгіріп өтеді. Маршрутта Қазақстанның тарихи жерлері, білім беру ордалары мен спорттық нысандар бар.

Алау Эстафетасы туралы толығырақ «Kazsport» телеарнасында күніне екі рет шығатын күнделіктерден көруге болады. «Универсиада-2017. Алау Эстафетасы. Күнделік» бағдарламасымен https://kaztrk.kz/ru/a/17975 сілтемесі бойынша танысуға болады. Сонымен қатар, Алау Эстафетасын «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін барлық ақпарат көздері таратады. Республикалық телеарна, радиомен қатар трансляцияны «Қазақстан» ТРК» АҚ құрамындағы 14 аймақтық филиалдар да көрсетеді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының сайттағы сілтемесі https://kaztrk.kz/kz/a/17975.

2017 жылдың 29 қаңтарында Универсиаданың басталуы қарсаңында 16 облыста жағылған Алау Алматыда қосылады. Бұл – Қазақстан жастары мен халқының бірігуін білдіреді.

*PR құқында

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!