Баян Есентаева қызының елді шулатқан жаңа жылдық көйлегіне қатысты пікір білдірді

Баян Есентаева қызының елді шулатқан жаңа жылдық көйлегіне қатысты пікір білдірді

Танымал продюсер Баян Есентаева қызының ел аузына іліккен қысқа көйлегіне қатысты өз пікірін айтты деп хабарлайды nur.kz.

"Қызымды барлық нәрсені, оның ішінде көйлектің ұзын-қысқалығын таңдау еркіндігін бере отырып тәрбиеледім. Бәлкім, сол үшін ең жақсы ана емес те шығармын. Наиль теңдесі жоқ көйлегің үшін рахмет, менің қызым жаңа жылдық кештің "ханшайымы" болды", - деп жазды ол.

Естеріңізге салсақ, Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек желідегі парақшасына отандық танымал дизайнердің бағалы көйлегін киіп барған еді. Оны желі қолданушылары тым қысқа деп сөгіп, Айсәулені жерден алып, жерге салған болатын.



Комментарии для сайта Cackle