Қазақстан халықтарының тілдер күні (Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз)

 Қазақстан халықтарының тілдер күні (Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз)

Тәрбие сағат тақырыбы: «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Тәрбие сағат көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.
Мұғалім: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Мейрам: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Рауан: Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.

Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.

Айбек: Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.

Райымбек: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!

Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

«Ана тілім» әні. Орындайтын хор.
Аманжан: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.

«Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс.
(Абай - Мейрам, Әбіш - Рауан)
- Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Рауан: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.
Аманжан: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Айбек: Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
- Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?

1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.

Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Асель :-D
    Асель :-D 21.09.2014 13:19
    0 + 0 -
    бұл 7 классқа барадыма? негізі жақсы бірақ бұл сценарийге оқушылар арасындағы тіл туралы сайыс жетіспейтін секілді.

Ілмектер: тіл тәрбие сағаты, тіл мерекесі тәрбие сағаты, тіл мерекесі сынып сағаты, тілдер күні тәрбие сағаты, 22 қыркүйек тілдер күні тәрбие сағаты, тіл мерекесіне арналған сынып сағат тәрбие сағат, Қазақша Тәрбие сағат: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз), Қазақша Тәрбие сағат, Қазақстан халықтарының тілдер күні (Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз) казакша ашык сабак, открытый урок ко дню языков народа Казахстана, тіл мерекесіне арналған тарбие сагат тәрбие сағат, Қазақша тарбие сагат тәрбие сағат: 22 Қыркүйек - Тілдер күні (МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ), Қазақша тарбие сагат тәрбие сағат, 22 Қыркүйек - Тілдер күні (МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ) казакша тарбие сагат тәрбие сағат, тарбие сагат тәрбие сағат на день языков народов казахстана, Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі, день языков народов казахстана тарбие сагат тәрбие сағат, Қазақша тарбие сагат тәрбие сағат: 22 Қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні (АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ), 22 Қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні (АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ) казакша тарбие сагат тәрбие сағат, тарбие сагат тәрбие сағат тілдер мерекесі, тарбие сагат тәрбие сағат тіл мерекесі, тарбие сагат тәрбие сағат тіл туралы, 18 қыркүйек тілдер күні тәрбие сағаты, Қазақша тарбие сагат тәрбие сағат: 18 Қыркүйек - Тілдер күні (МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ), 18 Қыркүйек - Тілдер күні (МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ) казакша тарбие сагат тәрбие сағат, Қазақша тарбие сагат тәрбие сағат: 18 Қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні (АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ), 18 Қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні (АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ) казакша тарбие сагат тәрбие сағат