Баян Есентаева көңіл қосуы мүмкін деген азамат туралы не білеміз?

Баян Есентаева көңіл қосуы мүмкін деген азамат туралы не білеміз?

Ғаламтор желісінде шетелге демалуға кеткен продюсер Баян Есентаеваны қазақстандық композитор Тұрым Алакөзовтің үлкен ұлы Тұрсынғали Алакөзовпен көңіл қосуы мүмкін деген болжам тез тарады.

nur.kz порталы Баян Есентаева көңіл қосуы мүмкін деген азамат туралы ғаламтордағы ашық дереккөздерден ақпарат іздеп көрді.

Олардың бірге жүргені туралы осыған дейін бірқатар БАҚ-та айтылған болатын. Алайда Есентаева мен Алагөзовтің арасында нақты қандай қарым-қатынастың бар екені беймәлім.

Баян Есентаева көңіл қосуы мүмкін деген азамат туралы не білеміз?

Тұрсынғали Алагөзов - белгілі кәсіпкер, Galanz Bottlers АҚ компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. Үйленген, жарының есімі – Ляйсира. Ол көптің көзіне жиі көріне бермейді. Тек элита өкілдері бас қосатын көңілді кештерге бас сұғады.



Алматыда қымбат сұлулық салонының ашылуында Ляйсира Алагузова қызы Аминамен бірге келген.



Олардың Арсен есімді ұлы бар. Қызы Амина Алагузова да элиталық кештерде жиі төбе көрсетіп жүреді. Ал Арсен қазіргі таңда зауытта тәжірибе жинақтап жүрген қызметкер.



Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақ үйінің ашылу салтанатына Тұрсынғали Алагөзов қызымен бірге төбе көрсеткен.



Тұрсынғали Алагөзов әскерден келе сала 20 жасында үйленген. Ал, үйлену тойын «Москвич» көлігін сатып, соның ақшасына жасаған. 2016 жылдың шілде айында hommes.kz сайтына берген сұхбатында ол отбасы жайлы айта келіп, жұбайымен арадағы қатынасы сыйластыққа құрылғанын, жанұяда тыныштықты сақтауға тырысатынын тілге тиек еткен.

ФОТО: HOMMES.KZ, BURO247.KZ, NUR.KZ

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі