Елімізде тіркеуге тұрмағандарға 1 ақпаннан бастап айыппұл салынады

Елімізде тіркеуге тұрмағандарға 1 ақпаннан бастап айыппұл салынады

Жаңа жылдан бастап жаңа заң! Елімізде бүгіннен бастап «терроризмге қарсы» заңға енген өзгеріс күшіне енді. Яғни, бұдан былай өзге аудан мен қалаларға қонаққа немесе жұмысқа бару қиындай түспек. Өйткені, ол жақта бір айдан артық болсаңыз, міндетті түрде уақытша тіркеуге тұруыңыз қажет. Заңға бағынбағандар жаппай айыппұл арқалайды. Қызу пікір талас тудырған ережені бүгін көші қон полициясы түсіндіріп берді.
 
Елімізде облыс орталықтары мен Алматы, Астана секілді ірі қалаларда тіркеусіз жүргендер көп. Көбі ауылдан жұмыс іздеп келгендер мен студенттер. Басым бөлігі кісі есігінде күнелтіп, пәтер жалдап жүр. Енді олар бір ай ішінде уақытша тіркеуге тұруы тиіс. Онсыз емін-еркін жүріп-тұра алмайды.
Галина Сәрсенова, ҚР ІІМ Көші-қон полициясы басқарма басшысының орынбасары:
-Егер азаматтар өзге аудан немесе қалада бір айдан артық болса, тоқтаған қонақ үйде немесе, жалдаған пәтерінде тіркеуге тұруы қажет. Үйін жалға беретіндер де әрбір клиентін тіркеуге алуға заңмен міндеттеліп отыр. Тіркеуге алу процесі жеңілдетілген. Бұрыңғыдай екі күн емес, небары 10-15 минут уақыт кетеді.
Қазақстанда бұған дейін өзге қалада тіркеусіз жүруге үш ай уақыт берілетін. Енді бұл мерзім бір айға қысқартылып отыр. Егер осы уақытша тіркеуке тұрмасаңыз, баспана қожайыны 20 мың, ал пәтерді жалдаған адам, 16 мың теңгеден аса айыппұл арқалайды. Заңға бағынбай жасырынып жүргендерді полицейлер үй-үйді аралап жүріп ұстамақшы. Сондықтан халыққа қызмет көрсету орталықтарында қазірден тіркеуге тұруға асығып жатқандар көп. Айтпақшы, қалада уақытша тіркеуге тұру үшін ауылдағы үйден тіркеуден шығудың қажеті жоқ. Тек, жаңа ереже бәрінің бірдей көңілінен шықпады.
Джохар Өтебеков, заңгер:
-Мәселен, пәтер қожайыны клиентін менің қонағым немесе туысым дей салады. Оның кім екенін полицей қайдан білсін. Кейін көшедегі адамдардан да тіркеу қағазын сұрайтын болады. Сонда тәртіп сақшыларының істейтін басқа жұмысы жоқ па? Қылмыскерді кім ұстайды?
Бұл ереже Ақтөбе мен Алматыдағы терактілерден кейін қабылданды. Өйткені, тапа-тал түсте сойқан салған содырлар жымысқы ойын жалдамалы пәтерде жатып іске асырған болатын.
-Сондықтан ішкі көші қонды қатаң бақылауға алған Ішкі істер министрлігінің арыны қатты. Тіпті 1-ші ақпаннан бастап тіркеуге тұрмағандарды жазалап, айыппұл сала бастамақ. Бұны естігендер жаппай тіркеуге тұруға жанталасатыны анық. Оның үстіне халыққа қызмет көрсету орталықтарының да жұмысы қызғалы тұр

Автор: Досжан Маратұлы, фото: kapital.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!