Алғашқы баланы ата мен апасына тәрбиесіне берген қаншалықты дұрыс?

Алғашқы баланы ата мен апасына тәрбиесіне берген қаншалықты дұрыс?

Қазақтарда жас ата-ана алғашқы баласын атасы мен апасының тәрбиесіне беретіні белгілі. О заманда бұл әлеуметтік қажеттіліктен туған болса, қазіргі кезде көне дәстүрді сақтаудың тәсіліне айналды. Бірақ, баланы әке-шешесі емес, ата мен әжесі тәрбиелеген қаншалықты дұрыс?

Баланы ата мен әженің тәрбиесіне бергеннің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да бар. Психологтардың айтуынша, әке-шешесінен бөлек өскен балада «мен ата-анама керек емеспін» деген сезім туады. Әлі есі кірмеген бала бейсаналы түрде ата-анасынан айырылғанын сезінеді. Ол кішкентай нәресте үшін үлкен психологиялық күйзеліс. Ана мейірімін, махаббатын көрмей өскен бала өмір бойы сол махаббатты басқа адамдардан іздеп өтеді екен.

Одан басқа әке-шешесінен бөлек өскен балаларда өзін өзі бағалау өте төмен деңгейде болады. Бұның басты себебі мынада: жатырда бала мен ана біртұтас болады. Баяғы заманда да бала қырқынан шықпағанша жас ана бөлек, қараңғылау киіз үйде тұратын. Ол үйге екінің бірі кіре бермейтін. Жаңа туған нәрестеге барынша жатырдағыдай жағдай жасалынған. Әрине, ондай ортадан баланы жұлып алып, әжесіне беру оның психологиясында іссіз қалмайды. Әсіресе, анасы өз еркімен баласын енесіне бермеген жағдайда. Уақыт өте бала әжесіне үйреніп кетеді. Бірақ 6-7 жасқа жеткенде баланы ата-анасына қайтару да дәл осындай сценаримен жүреді. Бірақ, есейген бала бұл жолы әжесін қимай, туған әке-шешесіне үйрене алмай жатады. Осындай психологиялық сынақ баланың өміріне кері әсер етуі мүмкін.

Алғашқы баланы ата мен апасына тәрбиесіне берген қаншалықты дұрыс?

Көп жағдайда ата мен әжесінде өскен балалар жеке өмірін құруда қиыншылықтарға тап болады. Бірақ жұмыста үлкен жетістіктерге жетеді. Бейсаналы түрде ондай балалар ата-анасына өзінің жетістігін көрсеткісі келеді: «міне, сендер мен сияқты керекмет адамнан кезінде бас тартқансыңдар» деген ұраны.

Алғашқы баланы атасы мен әжесіне беріп тәрбиелегеннің тағы бір жағымсыз жағы — ол отбасындағы басқа балалардан ерекшеленіп өседі, туған бауырларын дұрыс қабылдай алмайды. Балалардың арасы суып кетеді.

Сонда баланың ата-әжесі тәрбиленгенінің жағымды жақтары жоқ па? Әрине бар. Біріншіден, ол әжесі мен атасының балаға беретін тәрбиесі. Ата-анасына қарағанда әжелер баланың қылықтарын, сұрақтарын, еркеліктерін жалықпай көтере алады. Балаға ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді үйрететін де әжелер. Жұмыс пен үй шаруасының арасында шапқыламай, уақыттың бәрін балаға арнайды. Әже мен атасында өскен бала ерке, бірақ көп жағдайда ақылды болып өседі.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі