Әйгілі Марк Цукерберг өз миллиардтарын қайда жұмсайды?

Әйгілі Марк Цукерберг өз миллиардтарын қайда жұмсайды?

32 жасында АҚШ-тың төртінші ең бай адамы атанған Марк Цукербергтің шотында бүгінде 60 млрд доллар бар. Әйгілі миллиардердің бұл миллиардтарды қайда жұмсайтынын NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Цукерберг қымбат костюм киіп, ақшаны оңды-солды шашпайды. Қарапайым футболкамен жүретін азамат ақшаны тек өзіне қажет деп тапқан ыңғайлықтарға және игі істерге жұмсауымен елді тәнті етіп үлгерген.

Әйгілі Марк Цукерберг өз миллиардтарын қайда жұмсайды?

Марк ұзақ уақыт бойы Facebook кеңсесіне жақын жерде қарапайым пәтерді жалға алып тұрыпты. Алайда бірнеше жыл бұрын ол өз қаржы консультанттарын тыңдап, $7 млн-дық жекежай сатып алды.



Марк қызы және әйелімен тыныш әрі бақытты өмір сүруде. Олар аста-төк кештер ұйымдастырып, қонақ шақыруға әуес емес.



Тыныштықты ұнататын Марк үйін оқшаулау үшін $30 млн-ға айналасындағы аймақтарды да сатып алып жатыр. Ал жақында Кауаи аралынан үлкен жер телімін алған миллиардер ол жерге қант құрағын өндіретін зауыт пен ферма салдырады.



Марктың шалқыған бай екенін көрсететін жайттар осы ғана десе болады. Қалған жағдайда ол өзгелерден ерекше болуға тырыспауда.



Ол қарапайым киініп, Volkswagen көлігін пайдаланады. Өткен жылы журналистер оны Италияда отбасымен McDonalds-та тамақтанып отырғанын байқаған. Марк өзіне жалақыны тек жылына $1 етіп тағайындаған. Ал Facebook-тегі акцияларының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсауға уәде етіпті.



Марк бақшада елмен ағаш отырғызып, жергілікті тұрғындармен кішігірім кафелерде түстеніп, тіпті сиыр сауып жатқан жерлерінен де жұрттың көзіне түскен.



Ол АҚШ-тың бар штаттарын бір жыл ішінде аралап шығуды мақсат етіпті. БАҚ өкілдері болса, бұл қадам Марктың президенттікке үміткерлер қатарынан болғысы келетінін білдірмей ме деп бас қатыруда. Ал Цукербергтің өзі бұған әзірге үнсіз.





Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий