Күйеу

 Күйеу

Күшік күйеу болғанша
иттің күшігі бол.

Кайындағы күйеуден қарғылаған тазы артық.

Қалындығына өкпелеген күйеу
қайнысына сәлем бермейді.

Калындығың сиықсыз болса,
қайын енеңнің сұлулығынан не пайда?

Қалыңсыз қыз болса да,
кәдесіз күйеу жоқ.

Өлі-тірісін берген соң
өлі күйеу жатар ма.

Жаман күйеу қайынсақ.

Жаман күйеу таң атқан соң сөз қатады.

Күйеу атымен күл тасы,
Жезденің атымен жер айда.

Күйеу жолдасымен жарасымды,
Қыз жасауымен жарасымды.

Күйеу жүз жыддық,
Құда мың жылдық.

Күйеу келсе қыз тұрмас,
Бесін келсе күн тұрмас.

Күйеуіне қызы сай,
Елігіне жері сай.

Күнде келсе күйеу жаман,
Жымысқы болса жиен жаман.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!