Танымал диктор: Орнымды «крышасы» мықты біреуге босатып беруге мәжбүр болдым

Танымал диктор: Орнымды «крышасы» мықты біреуге босатып беруге мәжбүр болдым

Танымал тележүргізуші Жанат Бақыт КТК арнасынан кетуінің себебін айтып берді деп хабарлайды nur.kz.

Бұл туралы ол ikerim.kz сайтына берген сұхбатында айтты.


Бірнеше жыл бойы КТК арнасының қазақ тіліндегі жаңалықтарын жүргізіп келген Жанат Бақыт бүгінде ол арнада жұмыс жасамайды. Себебі, ол басшылықтың ұсынысымен орнын босатқан. Яғни, жылы орнынан кетуге мәжбүр болған.

"Бірде «КТК» арнасының жаңа бастығы Қанат Саxариянов шақырып, тез арада орнымды босатуымды өтінді. Себебін сұрап ем, «орның басқа адамға керек боп тұр» деп ашығын айтты. Қызым 2 жаста еді, заң бойынша 3 жасқа толғанша шығуыма , немесе шығаруына рұқсат жоқ еді. Мен ғана емес, сол арна ашылғалы қызмет етіп келе жатқан бірнеше мықты дикторға қысым көрсетілді. Ашығын айтқанда, «крышасы мықтысы» қалуы тиіс болды", - деді ол.

Мұндай қорлыққа көнгісі келмеген ол бір-ақ күнде қызметін тастап, жұмыстан кеткен.

"Бұл намысымызға тиді, әрі ойлана келе осылай болғаны жөн сияқты көрініп, бір-ақ күнде кетіп қалдым. Мен оған өкінбеймін. Кеткеннен жақсы болмасам, жаман болмадым. Әйтпесе не өспей, не өшпей неше жыл отыратынымды Құдай білсін!", - деді Жанат.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?