Жалғыздық
Жалғыз ағаш
Орман болмас,
Жалғыз кірпіш
Қорған болмас.

Жалғыздың жолы тар,
Жалшының қолы тар.

Жалғыз жігіт басына іс түссе,
Ақылынан адасады,
Сасқанынан қырық құмалақ алып,
Бал ашады.

Жалғыз ағаш пана болмас,
Жалғыз биеден саба болмас.

Жаяудың жүрісі өнбейді,
Жалғыздың бір ісі өнбейді.

Жалғыз үйдің тамағы жетсе де,
Табағы жетпейді.

Жалғыз мая қайымас,
Жалғыз жігіт байымас.

Жалғыз батыр, жауға жоқ,
Жалғыз жігіт дауға жоқ.

Аңқау аңдамайды,
Әңгі таңдамайды.

Сіз тұрыпсыз тікейіп,
Біз тұрыппыз тікейіп.
Жерге түскен қамшыны
Кім алады еңкейіп.


Бір де болса — бірегей
Сүт бетінде кілегей.

Азды аяған көптен құр қалар.

Жалғыздың қалі — мүшкіл,
Дәмі — қышқыл.

Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.

Жатқа жалшы жүргізген
Жарлылықтың салдары.
Жабағы-тай мінгізген
Жаяулықтың салдары.

«Кедеймін» десең, көшіпкөр,
«Теңдеріңді» шешіп көр.

Бөлінген бүлінеді.

Жалғыздың таңы атпас,
Жалғызға үйдің иті жатпас.

Жалғызға ұжмақ та жараспайды.

Жарлының жайын
Жарлы біледі,
Жарлы білмесе,
Сорлы біледі.


Ағайын қадірін білмесең,
Жалғыздық берсін сазаңды.

Қағынған қарғыс алар,
Қарасқан алғыс алар.

Екі бас,
Екі басқа малта да ас.

Тамшы ақса,— қосың жаман,
Ақсақ болса,— мосың жаман.

Жұлдыз тумай ай болмас,
Жұрынды болмай бай болмас.

Жалғыз ағашты жағу қиын,
Жалғыз баланы бағу қиын.

Жалғыз иттің
Үргені білінбейді,
Жалғыз жолаушының
Жүргені білінбейді.

Сығырдың ақысын сараң жейді,
Сараң болмаса, арам жейді.

От көрмеген от көрсе,
Күндіз шырақ жандырар.
Оқ көрмеген оқ көрсе,
Далаға атып даң қылар.

Жалғыз кісі емес,
Жапалақ құс емес.


Жалғыз тері тон болмас,
Жалғыздың сөзі оң болмас.

Біреу бейнетін көреді,
Біреу зейнетін көреді.

Жалғыздың ісі бітпес,
Созса қолы жетпес.

Қарыз қайтарумен ғанибет.

Басы — бапан, аяғы —сапан.

Бедері кеткен торқадан,
Бек тоқыған бөз артық.

Соқырдың қожасы — құлағы,
Ақсақтың аяғы — таяғы.

Асыққан шайтанның ісі.

Жуастың бір аты — жаман.

Егіз аттан жығылса,
Басын сүйер ағасы,
Жалғыз аттан жығылса,
Неге келер шамасы.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Ажихан Алма - Сегодня, 04:05
Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маган 4 сынып адебиеттен тжб 1 токсан жауаптары керек.

Зульфия - Сегодня, 00:41
Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сәлеметсіз бе. 4 сынып Әдебиеттік оқудан ТЖБ жауаптарв керек

Гость Асемай - Сегодня, 00:20
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Отиниш маган математикадан тжб жибериндерши Атамура китебынан

Гость Жулдыз - Вчера, 23:13
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Ағылшын тили 3сынып тжб жауаптары 1токсан

Гость асем - Вчера, 23:11
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жаратылыстанудан бжб жауатары керек еді 1 тоқсан

Алима - Вчера, 22:56
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

рақмет

Әсель - Вчера, 22:47
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4тапсырмадағы жануар біріншісі қарақұйрық екіншісі Дуадақ😁

ZHARAR - Вчера, 22:44
Абай Құнанбаев қара сөздері және мағынасы

керемет қара сөздер

Аслан - Вчера, 22:43
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Марс ты знаешь меня больше

ZHARAR - Вчера, 22:39
Дос, достық 🤝 туралы тақпақтар

Достар бірге жүреміз, бірге ойнаймыз,күлеміз. Бірге балық аулаймыз міне,біздер қандаймыз!