Баян Есентаева өзін соққыға жыққан күйеуінің тегінен бас тартты

Баян Есентаева өзін соққыға жыққан күйеуінің тегінен бас тартты

Танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева тегін өзгертіп тастады. Енді ол әлеуметтік желілерде Баян Мұхитденова немесе Баян Мақсатқызы деген фамилиямен тіркелген деп хабарлайды nur.kz.

Продюсер Мұхитденова тегімен Facebook-қа ал Bayan Maxatkyzy тегімен Instagram әлеуметтік желісіне тіркелеген.

Еске сала кетейік, Баян Есентаева емделуін жалғастыруда. Продюсерге қатысты оқыс оқиға 10 маусымда болған еді. Тележүргізушінің бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев оған пышақ жарақаттарын салған.

Содан кейін тележүргізуші ауыр халде Талғар ауруханасына жеткізілген. Ол жерде продюсерге ота жасалып, ал күйеуі Бақытбек Есентаев Талғар АІІБ-ге жеткізілген болатын.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі және 24-бабының 3-бөліміне ауыстырылды.

Айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бабы, 121-бабының 1-бөлімі, 99-бабының 1-бөлімі, 24-бабының 3-бөлімі бойынша айыптар тағылды.

Айта кетейік, сот жабық режимде өтуде. Продюсердің қызы - Айсәуле Бақытбек сотта әкесін қорғамақ. Ал істі алқа билер соты қарайтыны белгілі болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!