Тұрмағамбет Ізтілеуов ("Кейінгіге нені тастап кетемін" деп)

 Тұрмағамбет Ізтілеуов ("Кейінгіге нені тастап кетемін" деп)

Дүниеге келгендерге мирас өлмек,
Өлген соң, екі бастан, жоқ қой келмек.
Соны ойлап өз-өзімнен қайнап, тасып,
Қиялым көкірегімді кетті кернеп!
«Кейінге нені тастап кетемін?» деп
Ішкенім у сияқты болды кермек.
Жиырманың отыз бенен ортасында,
Сұлулап сияқты адам салған өрнек.
Ешнәрсе ол уақытта ойлатпайды,
Теңіздің толқынындай тасқан өрлеп.
Елу жас ердің мінсе еңсесіне -
Күннен-күн кемиді екен күй мен өрнек.
Өз жасым онан-дағы озыңқырап,
Алпысты алдымдағы қалдым серлеп.
«Қалай да қапы етіп кетем бе деп?» деп,
Кітабын «Шахнаманың» еттім ермек.
Өлеңмен он бір буын он ай жазып,
Бітірдім басым сипап, шаршап, терлеп.
Доғардым: «Тартуым, - деп, - партияға!»
Аттай-ақ аң құтқармас қойған ерлеп.
Ұнатып комиссия қолын қойды,
Сынауға бергенімде: «Оқып көр» деп.
Тексеріп, тәртіппенен төрт том етіп,
«Казиздат» баспақ еді оқа, зерлеп.
Үкімет ескеріп ол еңбегімді,
Пенсия бұйырып ед: «Бұған бер» деп.
«Айына бес жүз сомнан аласың» деп,
Қолыма қаулы жазып, берді мөрлеп.
Оларым ойнындай боп балалардың,
Отырмын осылайша босқа шерлеп.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!