Сәбит Дөнентаев (Өз-өзіме)

 Сәбит Дөнентаев (Өз-өзіме)

Аз білімін шығара алмай майданға,
Көп білімді жинап алшмай қайранда.
Білмек түгіл білгенінен айырылып,
Қалды жүрек опыр-топыр ойранда.
Қырқылғыр тіл қыртқаныңнан пайда кем,
Бітіп қуат, бақ маңдайдан тайғанда .
Шайпау болсаң, өгей әкең жақтырмас,
Қой белдікті, жорғала да маймаңда.
Мезгіл-мезгіл айып жүрек тартасың,
Қайтарусыз, ежелгі ескі тайраңға.
Кімнің алған мәңгілікке шені бар,
Азулы боп, атақтарын жайғанда?
Қолың жетпей, өскір өмір құр бекер,
Ен далада еркін өскен сайранға.
Көздің жасын көретін жан болмай тұр,
Еткен зарың, түкке тұрмай айлаң да.
Тырп еткенің сатулы боп заман тұр,
Кедейден іс қарас болмай байдан да.
Қолды сыбан, іске кіріс алла деп,
Өзіңді өзің жырмен аулап жайланба!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!