Жолдағы кедергі


Баяғы заманда бір патша сарайға кіретін жолдың үстіне үлкен тас қойдырып, өзі терезеден бақылап отырыпты. “Көрейік не болады екен?...”Елінің ең бай саудагерлері, ең күшті керуеншілері, сарай қызметшілері жолда келе жатып тасты айналып өтіп ешнәрсе істемей кіріп кетеді. Кейбіреулері тасты көріп дауыстап тұрып патшаны сөге бастайды. “Халықтан қаншама салық жинайды бірақ жолдарын таза ұстай алмайды...” т.б.
     Осы кезде бір ауыл шаруасы сарайға жеміс, көкөніс алып келе жатып жол ортасындағы тасты көргенде, арқасынан жүгін жерге қойып екі қолымен тасты итере бастайды. Қатты қиналып, қара терге батады, ақыры соңында тасты жолдың шетіне ығыстырып қояды. Жүгін қайтадан асынып жатқанда тастың жатқан жерінен бір қалта көреді. Алып ішін ашады... Қалташық алтынға толы болады. Ішінен патшаның жазған хатын көреді: “Бұл алтын, тасты жолдан алған адамға берген сыйлығым. Патша.”
     Осылайша бұл шаруа бүгінгі күні де көпшіліктің онша мән бере бермейтін мәселелерінде адамдарға дәріс берді. Мұның сияпатын дүниеде артығымен алды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу